Қызылорда қаласында ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері Андрей Кашечкин жүлдесі үшін велоспорттан жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында жарыс өтті. Оған Алматы және Қызылорда қалаларынан 100-ге жуық велошабандоздар қатысты. Нәтижесінде жарыс бағдарламасына сәйкес қызылордалық спортшылардың мерейі үстем болды.
30 шақырымдық топтық жарыста Нұртуған Сейтов бірінші болып келсе, Нұрсұлтан Пернебай екінші, Аслан Силықбек үшінші орындарды иеленді.15 шақырымдықтоптық жарыста Юлдуз Калменова жарыс жеңімпазы атанды. Алтынай Рабаева екінші, Лиза Маханбетжанүшінші орындарды еншіледі.
12 шақырымдық критериум жарысында ұлдар арасында Нұртуған Сейтов 1-орынға ие болды. Қалған орындарға Аслан Силықбаев пен Нұрсұлтан Пернебай ие болды. 6 шақырымдық сайыста қыздар арасында Юлдуз Калменова екінші алтынына қол жеткізсе, Асылзат Рабаева — күміс, Лиза Маханбетжан — қола жүлделерді еншіледі.
Сондай-ақ, жарыс аясында әуесқойлар арасында 6 шақырымдық критериум жарысы ұйымдастырылды. Нәтижесінде ерлер арасында жоғары спорт шеберлігі мектебінің қызметкері Пазылбек Жақсылық, әйелдерарасында №3 ОВЖОРМБЖМ қызметкері Ғалия Қуатбаева бірінші орынды алды.