Басты бет / Басқа түрлер / «АСЫЛ МҰРА» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЖАМАҒАТТАР АРАСЫНДА ФУТБОЛ ТУРНИРІ ӨТУДЕ

«АСЫЛ МҰРА» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЖАМАҒАТТАР АРАСЫНДА ФУТБОЛ ТУРНИРІ ӨТУДЕ

Алматы қаласында «Асыл мұра» бағдарламасының аясында мешітке келуші жамағаттар арасында теңбіл доп додасы жалғасуда.

Бүгін «Нарxоз» университетінің футбол алаңында «Аманқұл ата» мен «Әл Хамид» мешіттерінің өкілдері кезекті футбол ойындарында кездесті. Турнир айналым жүйесі бойыша өтіп, көп ұпай жинаған команда жеңімпаз атанды. Әр мешіттен 8 ұжым бақ сынасты, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.

Бірінші болып алаңға «Аманқұл ата» мешітінің футболшылары шықты.

— Мен бізге арналған осындай жарыстың барына аса қуаныштымын. Барлық ұйымдастырушыларға, әсіресе, Алматы қаласы әкімдігіне деген алғасымыз шексіз. Біз бүгін «Аманқұл» мешітінің жамағатымен бас қосып, жақсы уақыт өткіздік. Мен спортпен шұғылданбаймын, алайда, доп тепкенді жақсы көремін! — деп бөлісті «Барса» командасының капитаны Болат Мұxиддин.

Жарыс нәтижесі бойынша, күміс пен алтынды олжалаған «Аманқұл» мешітінің командалары бірдей ұпай сандарын жинағанымен (8 ұпай), соққан гол санына сәйкес «Барса» командасы «Аманқұл ата» ұжымынан басым түсті. Ал қоланы «Тауxид» ойыншылары қанағат тұтты (4 ұпай).

— Барлық командалардың дайындық деңгейі жақсы, қарсыластарымыз мықты болды. Әсіресе, шешуші ойында «Аманқұл ата» ұжымымен өткен кездесу қиын болды. Бірақ, біз көп гол соғып, оларды жеңдік. «Асыл мұра» бағдарламасының арқасында сенбі күні жиналып, өзара мықтыны анықтауға керемет мүмкіндіктеріміз бар. Сонымен қатар, жарыс тегін өткізіледі, ұйымдастырушыларға ризашылығымызды білдіреміз, — деп атап өтті жарыс қатысушысы Абдусалам Муслимов.

«Әл-Хамид» мешітінің командалары арасында жеңімпаз атанған ұжым «Әл-Хамид», ал 3 ұпай айырмасымен екінші орынды «Үміттер» иеленсе, «Қазан» командасы үшінші орынға жайғасты. Өте тартысты және қызықты өткен кездесулердің қорытындысы бойынша, бірінші орынды иеленген командалар қалалық турнирге жолдама алып, алдғы уақытта өз мешітінің намысын қорғамақ.

Айта кетер жайт, «Асыл мұра» бағдарлмасы биылдан бастап жүзеге асырылған болатын. Оның басты мақсаты қалалық мешіттерге келуші жамағаттар арасындағы бұқаралық спортты дамыту болып табылады.

Сондай-ақ

МОГУЛШЫЛАРЫМЫЗ ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ АЛТЫНЫН ИЕЛЕНДІ

Қытай елінің Тайву қаласында Фристайл-могул спорты бойынша әлем кубогының екінші кезеңі өтуде. Финалдық кезеңде қос …