Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / Күрес / НҰРЛАН БЕКЖАНОВ — ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

НҰРЛАН БЕКЖАНОВ — ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

Күрес түрлерінен Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан олимпиадалық емес салмақтар бойынша Әлем чемионатында Қазақстандық балуан Нұрлан Бекжанов күміс жүлдегер атанды.. Ол еркін күрестен ересектер арасында əлем чемпионатының финалына шыққан тұңғыш қазақ балуаны.

Еркін күрестен 70 келі салмақ дәрежесінің ақтық белдесуінде қазақ балуаны 4:8 есебімен ресейлік Магомед Курбаналиевке жол берді. Тартысты белдесуде барын салған, әрі осы біріншілік барысында төрт қарсыласты жеңген Нұрлан батырға алғысымыз шексіз! 2011 жылдан бері болмаған жүлдені Қазақстанға сыйлады.

Нұрлан Бекжанов іріктеу кезеңінде  қырғыз балуаны Еламан Доғдырбекұлын 5:1 есебімен жеңсе, 1/8 финалда жергілікті балуан Зсомбор Истванды 6:2 есебімен тізе бүктірді. Ширек финалда Михаил Саваны (Молдова) 0:7 есебімен таза жеңді. Жартылай финалда  Нобуоши Такоджиманы 6:10 нәтижесімен жеңіп, финалға жолдама алды.

 

Сондай-ақ

МЕССИ ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІ 2018-ГЕ ҚАТЫСАТЫН ҚҰРАМАЛАР ЖАЙЛЫ ӨЗ ОЙЫН АЙТТЫ

Аргентина ұлттық құрамасының және «Барселона» клубының шабуылшысы Лионель Месси алдағы әлем біріншілігінде топ жарып шығуы …