Басты бет / Қысқы спорт / ЕЛИЗАВЕТ ТӨРТ ҚҰРЛЫҚ БӘСЕКЕСІНДЕ СЕГІЗІНШІ ОРЫН АЛДЫ

ЕЛИЗАВЕТ ТӨРТ ҚҰРЛЫҚ БӘСЕКЕСІНДЕ СЕГІЗІНШІ ОРЫН АЛДЫ

 

Оңтүстік Кореяның Каннын қаласында мәнерлеп сырғанаудан төрт құрлық бәсекелері өтті.

Әйелдер арасындағы жекелей жарыста отандасымыз, жас спортшы Элизавет Тұрсынбаева ел намысын қорғаған болатын.

Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша  Элизавет  66,87 ұпаймен үздік үштікті түйіндеген еді. Бірақ еркін бағдарламадағы қателіктер оны жалпы есепте 8-ші орынға жылжытты.

«Төрт құрлық бәсекелерінің» жеңімпазы Маи Михара атанды. Жапониялық мәнерлеп сырғанаушы қыз қос бағдарлама қорытындысы бойынша 200,85 ұпай еншіледі. Екінші орынды Канадалық Габриэль Дэйлман (196,91) еншілесе, үшінші орында Америкалық Мираи Нагасу (194,95). Елизавет болса 176,65 ұпаймен сегізінші орында.

17 жасар отандасымыз еркін бағдарламада орындалу техникасы қиын элементтерден біраз қиындық көрді. Екі рет құлағандықтан спортшының ұпайлары кемітілді. Сөйтіп, еркін бағдарламада бар болғаны 11-ші орыннан көрінді.

Енді Элизавет Тұрсынбаева Жапонияның Саппоро қаласында өтетін Азия ойындарына қатысады.

Сондай-ақ

АТЫРАУДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ПАРАДЗЮДОДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТЕДІ

Қыркүйектің 7-сі күні Атырау облысында бұрын-соңды болмаған парадзюдо бәсекесі өтеді. Осыған орай бүгін «Гран при Қазақстан-2017» …