Басты бет / Басқа түрлер / РИО ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ПОШТА МАРКАЛАРЫ ШЫҚТЫ

РИО ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ПОШТА МАРКАЛАРЫ ШЫҚТЫ

«Қазпошта» АҚ Рио Олимпиадасының жүлдегерлеріне арнап пошталық маркаларды шығарды, деп xабарлайды inform.kz.

«Қазпошта» АҚ ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетімен бірлесе отырып, «Спорт» топтамасындағы «Рио-де-Жанейродағы ХХХI Олимпиада Ойындары» тақырыбындағы пошталық маркаларды шығарды. Пошталық маркаларда 2016 жылғы Рио-де-Жанейродағы ХХХI Олимпиада Ойындарының алтын және күміс жүлдегерлері Данияр Елеусінов, Дмитрий Баландин, Нижат Раxимов, Гүзел Манюрова, Жазира Жаппарқұл, Василий Левит, Елдос Сметов, Әділбек Ниязымбетов бейнеленген. Астанада өткен маркаларға мөр басу салтанатына Әділбек Ниязымбетов, Дмитрий Баландин, Нижат Раxимов пен Василий Левит келді.

«Есімімізді маркаларда мәңгі қалдырып отырған Ұлттық Олимпиада комитетіне және «Қазпошта» АҚ-на  үлкен алғысымды білдіргім келеді. Біздер үшін бұл өте үлкен мәртебе», — деді жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин.

Маркалар перфорациясы жоталы болып, 4 бояулы офсетті тәсілмен басылған. Перфорациясы жоталы. Таралымы — 40 мың дана. Белгіленген бағасы — 200 теңге.

Сондай-ақ

«АЛТАЙ» ОРАМАЛДЫ ҚЫЗДАРДЫ ОЙСЫРАТА ҰТТЫ

Волейболдан қыздар командалары арасындағы клубтық Азия чемпионатында топтық кезеңнің соңғы тур ойындары өтуде. Б.Александров атындағы …