Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / ҰЛТТАР ЛИГАСЫ: ПОЛЬША ОЙЫННЫҢ СОҢҒЫ МИНУТТАРЫНДА ИТАЛИЯДАН ЖЕҢІЛІП ҚАЛДЫ

ҰЛТТАР ЛИГАСЫ: ПОЛЬША ОЙЫННЫҢ СОҢҒЫ МИНУТТАРЫНДА ИТАЛИЯДАН ЖЕҢІЛІП ҚАЛДЫ

Ұлттар лигасының төртінші кезеңі аясында Польша құрамасы өз алаңында Италия құрамасына қарсы ойын өткізіп, 0:1 есебімен жеңіліс тапты.

Хожув қаласының «Шленски» стадионында өткен ойында Польша құрамасының қақпасына соңғы 90+2-ші минутта Италия құрамасының ойыншысы Бираги гол соғып, командасын жеңіске жеткізді. Осылайша, Польша құрамасы Ұлттар лигасының А лигасынан В лигасына төмендеген алғашқы команда болды.

Ұлттар лигасының төртінші кезеңінің қорытындысы бойынша, А лигасының 3-ші тобында Португалиялық құрамасы алты ұпаймен бірінші орында, Италия құрамасы төрт ұпаймен екінші, ал Польша құрамасы бір ұпаймен үшінші орындарда тұр.

Айта кетсек, Ұлттар лигасының бірінші кезеңінде, А лигасының 3-ші тобында өнер көрсететін Италия құрамасы мен Польша құрамасы кездесіп, 1:1 есебімен тең тарқасқан болатын. Екінші кезеңде Португалия құрамасы қарсыласы Италия құрамасын 1:0 есебімен тізе бүктірді. Ал үшінші кезеңде Польша құрамасы өз алаңында Португалия құрамасынан 2:3 есебімен жеңілді.

Польша 0:1 Италия

Голдар: Бираги, 90+2.

Польша: Щесны — Берешински, Глик, Беднарек, Реца (Енджейчик, 87) — Шимански (Гросицки, 46), Горальски, Линетти (Блащиковски, 46) — Зьелински — Левандовски, Милик.

Италия: Доннарумма — Флоренци (Пиччини, 84), Бонуччи, Кьеллини, Бираги — Верратти, Жоржиньо, Барелла — Бернардески (Лазанья, 81), Инсинье, Кьеза.

Сурет: Getty Images сайтынан

Сондай-ақ

ЖАСӨСПІРІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫ: ТОҒЫЗЫНШЫ ЖАРЫС КҮНІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Буэнос-Айресте жасөспірімдер Олимпиадасының тоғызыншы жарыс күні аяқталды. Каноеде есуден Олимпиада чемпионы атанған Диас Бахриддин болашағы …