Басты бет / Бокс / Астана Арландары / ЕҢ АТАҚТЫ АРЛАНДАР

ЕҢ АТАҚТЫ АРЛАНДАР

15 шілде күні Астанада WSB-дің (Бүкіләлемдік бокс сериясы) VII маусымы мәреге жетті. Финалға шыққан «Астана Арланс» және «Куба Домадорес» боксшылары жұртшылыққа естен кетпес кеш сыйлады. Аса тартысты бәсекеде отандастарымыз 6:5 есебімен жеңіске жетіп, үшінші рет осы жарыстың жеңімпазы атанды.

Жарқын жол

Финалдағы жекпе-жектерге тоқталмас бұрын, екі команда осы күнге қалай жеткенін еске алайық.

Топтық турнир
С тобы
04.02.2017 ж. Мәскеу. «Патриот Боксиң Тим» (Ресей) – «Астана Арланс» –2:3
Батор Сагалуев – Теміртас Жүсіпов –  2:1
Артем Хотенов – Ілияс Сүлейменов – 0:3
Радмир Әбдірахманов – Ділмұрат Мижитов – 2:1
Раджаб Раджабов – Әбілхан Аманқұл – 1:2
Илья Квасников – Антон Пинчук – 0:3
А тобы. «Куба Домадорес» – «Касикс» (Венесуэла) – 5:0

18.02.2017 ж. Талдықорған. «Астана Арланс» – «Узбек Тайгерс» (Өзбекстан) – 4:1
Олжас Сәттібаев – Әкбаржан Қадыров – 3:0
Зәкір Сафиуллин – Мұратжан Ахметәлиев – 3:0
Асланбек Шымбергенов – Шахрам Ғиясов – 2:1
Нұрдәулет Жарманов – Бектемір Меликузиев – 0:3
Қамшыбек Қоңқабаев – Баһадүр Жалолов – 3:0
«Куба Домадорес» – «Аргентина Кондорс» – 5:0

04.03.2017 ж. Атырау. «Астана Арланс» — «Чайна Драгонс» — 5:0
Теміртас Жүсіпов – Юнюн Хе – 3:0
Ілияс Сүлейменов – Лоң Уаң – 3:0
Ділмұрат Мижитов – Яң Лю – 3:0
Сапарбай Айдаров – Миңгаң Жау – 3:0
Антон Пинчук – Сергей Новиков – 3:0
«Коломбиа Хероикос» – «Куба Домадорес» – 3:2

18.03.2017 ж. Тараз. «Астана Арланс» – «Патриот Боксиң Тим» – 4:1
Олжас Сәттібаев – Вячеслав Ташкараков – 3:0 (ІІІ раундтың 2:24 минутында жекпе-жек тоқтатылды)
Зәкір Сафиуллин – Артур Сүбханқұлов – 3:0
Асланбек Шымбергенов – Шахабас Махмұтов – 3:0
Арман Рысбек – Павел Силягин – 2:1
Олжас Бұқаев – Магомед Омаров – 0:3
«Касикс» – «Куба Домадорес» – 2:3

01.04.2017 ж. Ташкент. «Узбек Тайгерс» – «Астана Арланс» – 4:1
Хасанбай Досматов – Теміртас Жүсіпов – 3:0
Абдулхай Шарахматов – Ілияс Сүлейменов – 3:0
Елнұр Әбдірайымов –  Ділмұрат Мижитов – 3:0
Исраил Мадримов – Сапарбай Айдаров – 3:0
Зухриддин Махкамов – Антон Пинчук – 0:3
«Аргентина Кондорс» – «Куба Домадорес» – 1:4

22.04.2017 ж. Саниа. «Чайна Драгонс» — «Астана Арланс» — 2:3
Гуо Жаң – Әнуар Мұзапаров – 3:0
Сен Уаң – Зәкір Сафиуллин – 1:2
Ричабилидж Хюричабилидж – Асланбек Шымбергенов – 3:0
Лида Уаң – Арман Рысбек – отандасымыз І раундтың 1 минутында қарсыласын нокаутқа түсірді
Жибау Уаң – Олжас Бұқаев – 0:3 (IV раундтың 52 сеундында жекпе-жек тоқтатылды)
«Куба Домадорес» – «Коломбиа Хероикос»  – 5:0

Ширек финал
11.05.2017 ж. Кемерово. «Патриот Боксиң Тим» – «Астана Арланс» – 2:3
Батор Сагалуев – Теміртас Жүсіпов –  3:0
Максим Чернышев – Ілияс Сафиуллин – 0:3
Алексей Мазур – Ділмұрат Мижитов – 1:2
Андрей Ковальчук – Сапарбай Айдаров – 0:3
Илья Квасников – Антон Пинчук – ІІ раундтың 1:27 минутында рсесйлік боксшының айқын басымдығымен жекпе-жек тоқтатылды
«Узбек Тайгерс» — «Куба Домадорес» — 3:2

20.05.2017 ж. Қарағанды. «Астана Арланс» – «Патриот Боксиң Тим» – 4:1
Олжас Сәттібаев – Иван Абрамов – 3:0
Зәкір Сафиуллин – Шахрияр Ахметов – 3:0
Асланбек Шымбергенов – Шахабас Махмұтов – 3:0
Арман Рысбек – Имам Хатаев – 3:0
Дмитри Жижко – Артем Сусленков – 0:3
«Куба Домадорес» – «Узбек Тайгерс» – 5:0

Жартылай финал

03.06.2017 ж. Қостанай. «Астана Арланс» – «Бритиш Лайонхөртс» (Ұлыбритания) – 4:1
Теміртас Жүсіпов – Киран Макдональд – 3:0
Ілияс Сүлейменов – Кристофер Бурк – V раунд басында жекпе-жек отандасымыздың айқын басымдығына орай тоқтатылды
Ділмұрат Мижитов – Конор Лофтус – 3:0
Әбілхан Аманқұл – Никита Абабий – 3:0
Антон Пинчук – Дэвид Киран Ниика – 0:3
«Коломбиа Хероикос» – «Куба Домадорес» – 3:2

08.06.2017 ж. Лондон. «Бритиш Лайонхөртс» – 2:3

Наял Фаррел – Олжас Сәттібаев – 1:2
Чад Милнс – Зәкір Сафиуллин – ІІІ раунда отандасымыз айқын басымдықпен жеңді
Маной Кумар – Асланбек Шымбергенов – 0:3
Томас Харт – Арман Рысбек – 2:1
Патрик Майлата – Нұрсұлтан Аманжолов – ІІІ раундта Майлата айқын басымдықпен жеңді
«Куба Домадорес» – «Коломбиа Хероикос»  – 5:0

Таразы басы теңселген күн
Ақтық сайыстың қайда өтетіні көп талқыланбай-ақ Астана еншісіне берілді. Нұрлан Ақүрпеков финал қарсаңында ұлттық құрама мүшелерін де «Арландар» сапына алуды көздеп еді, бірақ Әбілхан Аманқұлға ғана қолы жетті. Василий Левит жарақатын толық жазып үлгермегендіктен, финалға дайын болмады. «Қазақстан» спорт кешеніндегі бәсекеде отандастарымызға кіл ығай-сығайлар тап келді.

49 келі. Теміртас Жүсіпов – Хоанис Аргилагос – 3:0. Жүсіпов финалды жарқын жеңіспен бастады. Ол қарсыласына ІІІ раундта ғана есе жіберіп, І, ІІ және IV раундтарда басым болды. V раундта төрешілердің екеуі кубалыққа іш тартқанмен, жеңіс бәрібір біздің оғланға бұйырды. Теміртас Аргилагосты 2015 жылы да WSB аясында 3:0 есебімен жеңген. Бұл жолы да басым болды. Х.Аргилагос – 2015 жылғы әлем чемпионы, Рио олимпиадасының қола жүлдегері.

56 келі. Ілияс Сүлейменов – Хавьер Ибаньес – 3:0. Алғашқы үш раундта қарсыласын барынша тықсырып, басымдық танытып алған соң, Сүлейменов кейінгі екі раундта көп күш жұмсаған жоқ. «Қарсыласымның жекпе-жектерін көріп, жақсы дайындалдым. Байқауымша, ол қашықтық сақтап жұдырықтасуға шебер екен. Ал жақындай қалғанда оның аяқтары жұмыс істемейді. Осыны пайдаландым. Оны ашуландыруға тырыстым. Қолымды түсіріп алдым, шұқып-шұқып ұра бердім. Алға ұмтылғанда дәл соққы жасадым. Шаршы алаңның иесі кім екенін танытқым келді», – деді Ілияс.

Бұдан әрі таразы басы қатты теңселді. Кубалықтар қатарынан бес кездесуді жеңіспен аяқтап, чемпиондыққа өте сенімді қадам жасады.

91 келі. Антон Пинчук – Ерисланди Савон – 0:3. Рио олимпиадасының қола жүлдегері Астана шаршы алаңында Пинчууке еш мүмкіндік қалдырған жоқ.

64 келі. Ділмұрат Мижитов – Энди Круз – 1:2. Круз 2015 жылы Мейірболат Тойытовтан жеңілген. Бұл жолы Мижитовтан айла асырды. Ділмұрат соңғы раундтарда күшейгенмен, бәрібір қуып жете алмады.

75 келі. Әбілхан Аманқұл – Арлен Лопес – 0:3. Рио олимпиадасының чемпионы Арлен Лопес жекпе-жекті бірсыдырғы өткізіп, үш төрешінің де 48:47 деген шешімімен жеңіске жетті. Кездесуге Әбілхан ауырғанды сездірмейтін укол салдырып шықты. Бес раундтың екеуінде төрешілер оның басымдығын белгіледі. Бас бапкер Н.Ақүрпеков Аманқұлға алғысын білдіріп, бұл кездесуде оның жеңілмегенін айтты.

81 келі. Арман Рысбек – Хулио ла Крус – 0:3. Арман жекпе-жекті жақсы бастап, бірінші раундты басымдықпен аяқтап еді. Ары қарай ла Крус дәуірледі. Олимпиада чемпионы біздің отандасымызға көп мүмкіндік берген жоқ.

52 келі. Олжас Сәттібаев – Йосбани Вейтиа – 0:3. «Арландардың» капитаны О.Сәттібаев әр раунд сайын бір ғана төрешінің оң бағасын алғанымен, IV және V раундтарда таразы басы әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері Вейтиаға толықтай бұрылды. Финалдағы есеп 2:5-ке жетті.

+91 келі. Олжас Бұқаев – Йоандри Тоирак – 3:0. Біз үшін «бел не белбеу кетер» жекпе-жекте Бұқаев барын салды. Ол алғашқы раундты сенімсіздеу бастап, артынша қайта күшейді. «Маған қарсыласымды барынша тықсырып, соққыны мейлінше көп дарыту тапсырылды. Шаршамағанымды сездім. Бұл кездесуде кубалық боксшыдан ой жылдамдығының арқасында басым түскен секілдімін», – деді Олжас.

64 келі. Зәкір Сафиуллин – Лазаро Альварес – 2:1. Үш дүркін әлем чемпионы, олимпиаданың екі дүркін қола жүлдегері Альварес отандасымыздан айла асыра алмады. Аса тартысты жекпе-жекте Сафиуулин алғашқы үш раунд қорытындысында ұпай санымен жеңіліп келе жатқан-ды. Соңғы екеуінде ол жоқтан бар жасады. Төрешілер Зәкірдің басымдығын 46:47, 47:46, 47:46 есептерімен белгіледі.

69 келі. Асланбек Шымбергенов – Роньел Иглесиас – 3:0. 2012 жылғы Лондон олимпиадасында топ жарған Иглесиас бұл шешуші кездесуде Шымбергеновке қайрат көрсете алған жоқ. Ол екінші раундта ғана екі төрешінің ықыласын жаулағанмен, одан ары Асланбек мейлінше басым болды. Сөйтіп, таразы басы теңесті. Енді чемпионды анықтау үшін 52 келідегі қосымша жекпе-жек қажет болды.

52 келі. Олжас Байниязов – Франк Залдивар – 2:1. Жарыс алдындағы салмақ өлшеу рәсімінде осы екі боксшы төбелесіп қала жаздаған-ды. Залдивар тілін шығарып, біздің боксшыны әжуәлағандай болған. Шешуші жекпе-жекте Байниязов есе қайтарды.

Сөйтіп, «Астана Арланс» Бүкіләлемдік бокс сериясын үшінші рет жеңіп алды. Мұндай жетістікке басқа ешбір команда жетіп көрген емес. «Куба Домадорес» 2014 және 2016 жылдары топ жарды. Ал «Астана арландары» 2011 жылдан бері қарай, яғни осы серия өмірге келгелі тұғырдан түсіп көрген жоқ. Біздің команданың нәтижесі мынадай: 2011 – ІІ, 2012 – ІІІ, 2013 – чемпион, 2014 – ІІІ, 2015 – чемпион, 2016 – ІІІ, биыл – чемпион. 2015 жылғы финалда отандастарымыз дәл осы «Куба Домадорес» командасын 6:4 есебімен ұтқан болатын.

statsport.kz

Сондай-ақ

ЖӘНІБЕК ӘЛІМХАНҰЛЫ: КӘСІПҚОЙ БОКСҚА БІРЖОЛА АУЫСПАЙМЫН

Астанада өтетін Қанат Ислам айқасының андеркартында Рио-де Жанейро олимпиадасына қатысушы, әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы да …