Басты бет / Бокс / БЕЙБІТ ШҮМЕНОВ БАПКЕРІН АУЫСТЫРДЫ

БЕЙБІТ ШҮМЕНОВ БАПКЕРІН АУЫСТЫРДЫ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов (17-2, 11 КО) бұрынғы бапкерімен қайта жаттығуды бастады.

Ол бұл туралы өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

«Кевин Барримен қайта бірге жұмыс істейтініме қуаныштымын. Бұл бапкер маған 2010 жылы кәсіпқой бокстағы бірінші әлем чемпионы атағын жеңуге көмектескен маман. Сонымен қатар ауыр салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Джозеф Паркер, жартылай ауыр салмақтағы IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Умар Саламов секілді жаңа командаластарыммен танысқаныма қуаныштымын», — деп жазды Шүменов.

Кевин Майкл Джозеф Барри — жаңазеландиялық бапкер, менеджер және бұрынғы боксшы. Қазақстандық боксшы бұл маманмен 2010 жылы бірге жұмыс істеп, ауыр салмақтағы WBA тұжырымының әлем чемпионы атағын жеңіп алды.

Қазіргі уақытта Шүменов WBA тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы үшін кубалық Юниэр Дортикоспен өтетін кездесуге дайындалып жатыр.

Сондай-ақ

ҚАСҚЫРЛАР МАУСЫМДЫ ЖЕҢІСПЕН БАСТАДЫ

Қызылордалық «Қайсар» командасы өз алаңында Көкшетаулық «Оқжетпесті» қабылдады. Алғашқы ойында Көкшетаулықтар минималды есеппен- 1:0 есе …