Басты бет / Кәсіпқой бокс / ЕРЖАН ЗАЛИЛОВ ҚЫРҒЫЗ БОКСШЫСЫН НОКАУТҚА ЖІБЕРДІ

ЕРЖАН ЗАЛИЛОВ ҚЫРҒЫЗ БОКСШЫСЫН НОКАУТҚА ЖІБЕРДІ

Қазақстандық 24 жасар кәсіпқой боксшы Ержан Залилов (8-0-1, 3КО) тоғызыншы кездесуін Мәскеуде өткізді.

Ресейдің астанасы Мәскеу қаласында қазақстандық Ержан Залилов жартылай жеңіл салмақта (57,1 келі / 126 фунт) 4 раундқа жоспарланған кездесу өткізді. Қарсыласы дебюттік кездесуіне шыққан, ММА қатысушысы 25 жасар қырғыз боксшысы Шукур Абдинабиев.

Алғашқы раунд Залиловтың басымдығымен өтіп, қарсыласын үш рет нокдаунға жіберіп, екінші раундта алған ауыр нокдауннан қырғыз боксшысының бапкерлері кездесуді тоқтатты.

Естеріңізге салсақ, Залилов бұдан бұрын, жекпе-жегін 17 наурызда Ресейде өткізіп, өзбек боксшысы Хумоюн Рустамовты ұпай санымен жеңген болатын.

Сондай-ақ

«ЮВЕНТУС» ОН ОЙЫНШЫМЕН «УДИНЕЗЕНІ» ОҢАЙ ЖЕҢДІ

Италия біріншілігінің 9-шы кезеңінде өткен «Удинезе» мен «Ювентус» арасындағы ойында, төреші «Ювентус» командасының шабуылшысы Марио …