Жартылай ауыр салмақта қолғап түйістіретін Әли Ахмедов (11-0, 8КО), кәсіпқой бокстағы он екінші жекпе-жегінде жеңіске жетті.
Отандасымыз Голливудта (Калифорния штаты, АҚШ) орналасқан «Авалон» аренасында өткен «Hollywood Fight Nights 2» бокс кешінің басты жекпе-жегінде шаршы алаңға көтерілді.
Әлидің қарсыласы жергілікті боксшы 33 жастағы Хорхе Эскаланте (9-1-1, 6 КО) болды. Алты раундқа жоспарланған кездесудің үшінші раундтында Әли Хорхені нокдаунға түсірді, ал төртінші раундта нокаутпен жеңіске жетті.
23 жастағы Әли Ахмедов кәсіпқой бокста он екі жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті, ал оның тоғызы уақытынан бұрын аяқталған.