Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / ММА: ҚЫТАЙДАҒЫ ҚАНДАСЫМЫЗ ҚАРСЫЛАСЫН СҰЛАТЫП ТҮСІРДІ

ММА: ҚЫТАЙДАҒЫ ҚАНДАСЫМЫЗ ҚАРСЫЛАСЫН СҰЛАТЫП ТҮСІРДІ

ММА бойынша спорт шебері, Қытайдағы қандасымыз Қуаныш Өскенбекұлы осы елде өткен аралас жекпе-жекте бесінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қандасымыз жапондық Tomomitsu Hinuma-мен айқаста қарсыласын екінші раундта сұлатып салды. Қуаныш бірінші раунда өзінің басымдылығын көрсетіп, қарсыласы бір рет нокдаун алып қалды. Екінші раундтың 2 минутында Қуаныш қарсыласына ауыр соққы бағыттап, жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтады.

 

20 жастағы қандасымыз қытайдың Чжэнчжоу қаласындағы кәсіби ММА клубы құрамында жаттығады, лақап аты «Optimus Prime». Бала кезінен күреспен айналысып, бірнеше мәрте грек-рим күресінен Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің чемпионы атанған. Аралас жекпе-жектегі алғашқы айқасы тура бір жыл бұрын, яғни 23 шілдеде жапондық Isamu Yamaguchi-бен болған еді.

Бұл күнде Қуаныш 5 кездесу өткізіп, барлығында уақытынан бұрын жеңіске жеткен. Айта кетерлігі, Қуаныштың келесі жекпе-жегі 22 шілдеде бразилиялық Марсело Костамен болады.

inform.kz

 

Сондай-ақ

ФУТБОЛДАН АУЛА ЛИГАСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Бешикташ» пен «Ростов» командалары футболдан аула лигасының жүлдегерлері атанды Алматыда «Нархоз» университеті стадионында екі күнге …