Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / САҒЫНДЫҚ МЕКЕЕВ: КӘСІПҚОЙ СПОРТШЫЛАР ӘРДАЙЫМ БАБЫНДА ЖҮРУ КЕРЕК

САҒЫНДЫҚ МЕКЕЕВ: КӘСІПҚОЙ СПОРТШЫЛАР ӘРДАЙЫМ БАБЫНДА ЖҮРУ КЕРЕК

Аралас жекпе-жек түрлері бойынша Қазақстанға еңбегі сіңген маман Сағындық Мекеев кәсіпқой спортшылар туралы:
Өзімнің жеке тәжірбиеме қарап айтар болсам, кәсіпқой боксшы әуесқойлар арасында сынға түсуден ешқашан қашпау керек. Байқағаным, жас кәсіпқой спортшылар әуесқойлар арасында жарысқа шықса өздерін бір қадам артқа шегінгендей сезінеді. Жаттықтырушылары да олар тек кәсіпқой жекпе-жектерге ғана шығады дейді. Мысал үшін әуесқой жекпе-жекке бірден өткен  кәсіпқой спортшы жас спортшыға жеңіліп қалу мүмкін.
Самбо спортынан төрт дүркін әлем чемпионы Арман Оспанов көпке үлгі болуы керек. Кәсіпқойлар арасында кермет нәтижеге қол жеткізіп жүрген спортшы ғой. Әуесқойлар арасында болатын турнирлердің барлығына бірдей үлгергеніше қатыса береді. АСВ турниріндегі жеңісінен соң Арман қоян-қолтық жекпе-жекке де шықты.
Игорь Свирид АСВ Гран-Приіне қатыспастан бұрын панкратионнан әлем чемпионы атанған болатын. Шет елдерде де солай. Мысалы Хабиб Нурмагомедов пен Ислам Махачев кәсіпқой жекпе-жектерден бөлек әскери самбодан әлем чемпионы атанған болатын.
Сол себепті Қазақстандық жас спортшыларға берер кеңесім, әуесқойлар арасындағы сайыстардан қалмай қатыса беріңдер. Әрбір жекпе-жектің берері көр.

Сондай-ақ

ФУТБОЛ ТАРИХЫНДАҒЫ ЖАҢА КЕЙІПКЕР

Дүйсенбіден ала доптың айналасындағы болып жатқан жағдайлар үш ұйықтасаң түсіңе енбес оқиғаларымен таң қалдырып келеді. …