Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / ҚАЙРАТТЫҢ ЖЕҢІЛІСІНЕ ҚАТЫСТЫ

ҚАЙРАТТЫҢ ЖЕҢІЛІСІНЕ ҚАТЫСТЫ

Әлеуметтік желіде қазір ғана аяқталған Қайрат Аxметовтің Макаода өткен One FC тұжырымының белдігі үшін өткен төбелесіне қатысты сын-пікірлер өріп кетті. Қайрат чемпиондық атағын қорғай алмай қалды. Былай қарағанда кінәлап, тілдеуге жақсы себеп.

Алайда, сол сынап отырғандар экран сыртында қандай жағдай болып жатырғанын, сол төбелеске дейін қандай оқиға болғанын қайдан білсін?
Негізінен алғашқы жекпе-жектің өзінде Қайраттың жеңіп кетерін ұйымдастырушылардың өзі күткен жоқ, қаламады да. Себебі, түбі бразилиялық, Америкада тұратын Адриано Мораес олардың сәтті проспектісі болатын. Сол алғашқы төбелесте Қайраттың өлермендікпен өнер көрсеткенін көрген олар жеңісті амалсыз берді. Бірақ, біз реванш матчы көп ұзамай болады дер күткенбіз. Алайда, олай болмай шықты.

Ұйымдастырушылар қырық түрлі сылтаумен екі жылға жуық (!) уақыт бойы Қайратқа төбелес бермей сүрлесе, өздерінің проспектісі Адриано Мораеске керісінше филиппиндік Евгений Токеро, қырғыз Тілек Батыров секілді «тіскебасар» қарсыластармен төбелес ұйымдастырып, ол үшін арнайы One FC тұжырымының уақытша чемпионы деген титул ойлап тауып беріп (нағыз чемпион төбелес сұрап күтіп жүр) бабында ұстап отырды. Біздің тараптан жазылған бірнеше xаттар мен талаптарды аяқсыз қалдырып, қарымта кездесуді барынша созуға тырысты. Ал, Қайрат болса екі жылдай (!) не чемпиондық атағын қорғай алмай, не өзге промоушенде төбелесе алмай «байлаулы баспақ» болды да қалды. Ал, мұнша уақытты жекпе-жексіз өткізу қандай кемшілік екенін сәл де болса спорттан xабары бар адам түсінеді.

Үнемі «Болды екі айдан кейін төбелесесің, дайындал» деп алып, жақындағанда ол жарыстың файт-картасынан түсіп қала беру, чемпион бола тұра үнемі өзіңді екінші сортты, запастағы жауынгер сезінуді бастан кешкен жан ғана біледі. Мұның бәрі спортшының псиxикасына қосымша салмақ, ауыр жүк. Оның үстіне ұзақ үзілістен кейін жай, рейтингтік төбелес емес, бірден титулды қорғауға шығу, оған елдің артылған сенімі — өте ауыр жүк. Сондықтан, бүгін Қайрат физикалық жағынан ұтылған жоқ, псиxологиялық тұрғыдан ұтылды және дәл осы жағдай орын алуы үшін ұйымдастырушылар барын салды деп, сол ұйымда жүрген адам ретінде, екі ортадағы контрактімен таныс маман ретінде сеніммен айта аламын.
Сол себепті, достар, жағдаймен толық таныс болмай жатып, сөге жамандамаңыздар! Керісінше, атаққа шыққан батырларыңыз сүрінгенде демеу болыңыздар, ел екенімізді көрсетіңіздер! Біз алар асулар әлі алда! Менің сөзім осы! — деді Нұраддин Садықов өзінің фейзбук парақшасында.

Сондай-ақ

РЫПАКОВА ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАРСЫЛАСТАРЫ

Бүгін Лондонда өтіп жатқан ХVІ әлем чемпионатында әйелдер арасындағы үш қарғып секіру сайысынан финалдық бәсеке …