Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / АРМАН ОСПАНОВТЫҢ КЕЛЕСІ ЖЕКПЕ-ЖЕГІ ҚАШАН ӨТЕДІ?

АРМАН ОСПАНОВТЫҢ КЕЛЕСІ ЖЕКПЕ-ЖЕГІ ҚАШАН ӨТЕДІ?

ALASH PRIDE президенті Данияр Қасқарауов пен клуб спортшылары Арман Оспанов жəне Асылжан Бақытжанұлының қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті, — деп жазады Vesti.kz порталы.

Жиын барысында ALASH PRIDE клубы АСВ промоушенімен бірлесе отырып, 9 қыркүйекте Алматы қаласының 1001 жылдығы құрметіне орай Алматы əкімдігінің қолдауымен аралас жекпе-жектен халықаралық ірі АСВ-69 турнирін өткізетіні белгілі болды.

«Алматы-аренада» өтетін бұл ММА бəсекесінде Арман Оспанов басты жекпе-жекке шығады. Оның қарсыласы таяу күндері белгілі болады. Оспанов бұл турнирде əлемдегі рейтингі жоғары жекпе-жек шеберлерінің бірімен айқасқа түспекші. Жеңіске жеткен жағдайда Арман үшін UFC келісімшартына қол қоюға зор мүмкіндік туады. Осы жекпе-жекке дайындалу үшін отандасымыз жақын күндері Махачкалаға (Ресей) оқу-жаттығу жиындарына аттанады.

АСВ-69 турнирінде жалпы 12 жұп өнер көрсетеді. Сегізбұрышқа шығатын спортшылардың ішінде 7 қазақстандық жекпе-жек спортының шеберлері бар. Олар: Асылжан Бақытжанұлы, Асу Алмабаев, Қаршыға Дәуітбек, Евгений Егембердиев, Бақытжан Несіпбек.

Сонымен қатар, бұл кеште өзбек өрені Мурод Хантураевтың да өнер көрсететіні белгілі болды. ALASH PRIDE клубының намысын қорғайтын бұл спортшылар қазір Тайланд еліндегі оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.

Бір айта кетерлік жайт, АСВ-69 халықаралық турнирінде əлемнің 10-ға жуық мемлекетінің беткеұстар спортшылары айқасқа түседі. АСВ промоушені — дүние жүзі бойынша даму қарқыны жағынан, атақты UFC-ден кейін, Bellator ұйымымен екінші орынды өзара бөлісіп тұр.

Kaz.tengrinews.kz

Сондай-ақ

БАРЛЫҚ ӨҢІРГЕ ЖАҢА БОЗКІЛЕМДЕР СЫЙҒА БЕРІЛМЕК

ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы елімізде күрес түрлерін дамыту жолында соңғы жылдары көптеген …