Басты бет / Кәсіпқой бокс / ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ «КАНЕЛОМЕН» ӨТКІЗГЕН СПАРРИНГІ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ «КАНЕЛОМЕН» ӨТКІЗГЕН СПАРРИНГІ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бобыржан Момынов сұхбатында Сауль Альварестің ұсынысына не үшін келіскенін айтып берді.

— Канелоның командасы мені спарринг-қарсылас ретінде 6 апталық оқу-жаттығу жиынға шақырды. Мен келістім. Бұл жерге мен Канелоны Головкинге қарсы кездесуге дайындауға немесе Альвареске көмектесемін деген ниетпен келген жоқпын. Өзбасым Геннадийге жанкүйер боламын. Менің өз алдыма қойған мақсаттарым бар. Канеломен жұдырықтасып, тәжірибе жинағым келеді. «Мықтылармен кездесіп, мықты боласың» дегендей. Альварестің қаншалықты қауіпті боксшы екенін тексергім келеді.

Бұйыртса, «Голден бой» промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырып, өз салмағымдағы үздік боксшылармен күш сынасамын. Осы мақсатқа жету үшін де Канелоның залына аттандым. Бар арманым – Қазақ елін барша әлемге мойындату.

Мен үшін еліміздің үздік боксшылары – бұл Геннадий Головкин мен Қанат Ислам ағаларымыз. Сондай-ақ, Серік Сәпиев пен Данияр Елеусінов сынды мықты боксшыларымыз бар, — деді Момынов.

Естеріңізге сала кетсек, мексикалық Сауль Альварестің командасы Бобыржанды спарринг қарсылас ретінде АҚШ-қа шақырған болатын.

Сондай-ақ

ГОЛОВКИН — АЛЬВАРЕС ЖЕКПЕ-ЖЕГІНІҢ ЖАБЫҚ КӨРСЕТІЛІМ ҚАНША ТҰРАДЫ?

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий …