Малайзияның Путраждая қаласында ашық суға жүзуден VII Азия чемпионаты өтті.
Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, Рио Олимпиадасының қатысушысы, Азия құрлығының үздік спортшыларының бірі Виталий Худяков бұл жолы да өзінің мықтылығын дәлеледі. Отандасымыз 10 км-лік қашықтықты 2:05:26,6 уақытта бағындырып, чемпион атанды. Одан 3 минутқа жуық кешігіп келген Қытайлық Чо Чен-Чи (2:09:07.9) екінші, Малайзиялық Кевин Йеп (2:10:57.5) үшінші орынды иеленді.
Осы сайыста Лев Черепанов алтыншы, Кенесары Кененбаев он бірінші орындардан көрінді. Жалпы сайысқа 30-дан астам жүзгіш қатысқан болатын.
5 км-лік қашықтықта Виталий Худяков қос Жапон спортшыларынан кейін үшінші орынды иеленді.
10 км-лік әйелдер арасындағы сайыста отандасымыз Ксения Романчук күміс жүлдегер атанды. Ал, 5 км-де Ксения жүлдеге сәл жетпей, төртінші орыннан көрінді.