22-29 мамыр аралығында Ташкент қаласында парадзюдодан Азия өтуде.
Құрлық біріншілігіне 10 елден 150-ден астам балуан қатысуда. Қазақстан намысын байрақты бәсекеде алты спортшы қорғауда.
Бірінші жарыс күні спортшыларымыз қос күміс медаль еншіледі. 66 келіде Азамат Тұрымбетов және 73 келі салмақта Теміржан Дәулет ақтық сынға дейін жетіп отыр. Тағы бір айта кететіні, қос спортшы да алғаш рет өздерінің ірі додасына қатысып отыр.
Суретте ұлттық құраманың бас бапкері Нұржан Сейтқанов пен Халықаралық дәрежедегі төреші Жандос Қиянов.