Атырау қаласында парадзюдодан алғаш рет «Гран-при Қазақстан 2017» Халықаралық турнирі өтпекші.
Бүкіләлемдік парадзюдо федерациясының ресми сайты бұл ақпаратты растап отыр. Атырау қаласында тұңғыш рет өтетін сайыс Халықаралық күнтізбеге енген.
Бұл шараны Атырау облысы спорт басқармасы, ҚР Паралимпиадалық дзюдо және Атырау облысы парадзюдо федерациясы қолға алып отыр. Сайыс 6-8 қыркүйек аралығына «Мұнайшалар» күніне арналмақ.
Халықаралық дәрежедегі төреші, Атырау облысының парадзюдодан бас бапкері Жандос Қияновтың айтуы бойынша бұл еліміздегі парадзюдоның дамуына жасалып жатқан үлкен қадам. Көз жанары нашар спортшылардың да өзара бәсекеге түсіп, салауатты өмір салтын ұстануына барлық жағдайлар жасалыну үстінде.
Былтыр өткен ел біріншілігінде Атырау облысының құрамасы жалпы есепте бірінші орын алған болатын. Одан бөлек Ануар Сариевтің Халықаралық ареналарда жеткен жетістіктері жетерлік. Сондықтан Атырау облысында осы үлкен шараның өткізілуі заңдылық.