12-13 желтоқсан күндері Қызылорда облысының Шиелі кентінде ҚР Тәуелсіздігі күні аясындаМұстафа Шоқайды еске алуға арналған қазақ күресінен 2001-2002 жылдары туылған жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтеді.
Биыл 12-ші мәрте ұйымдастырылатын турнирге Алматы қаласы, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Қызылорда облыстарынан 12 команда, 200-дей балуандар ұлттық спортты ұлықтайтын болады.
Мақсаты — ұлттық рухты жаңғыртуға ықпал ететін ұлттық спорт түрі қазақ күресін облыс көлемінде дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, спортшылардың спорттық шеберліктерін арттыру, жасөспірімдерді достыққа, патриоттық сезімге, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу.
Жарыс 9 салмақта (38, 42, 46, 51, 57, 64, 73, 81, +81 келі) өткізіледі.
Республикалық турнирді Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Шиелі ауданының әкімдігі ұйымдастыруда. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер диплом және естелік сыйлықтармен марапатталады.
Турнирдің салтанатты ашылуы: 12 желтоқсан күні сағат 10.00-де, басталуы 10.30-да.