Маңғыстауда «Ралли Қазақстан — 2017» — FIA халықаралық автомобиль федерациясының ралли рейд бойынша әлем чемпионатының екінші кезеңі аяқталды. Сауд Арабиясынан келген Ал Раджи Язед германиялық штурманымен мәреге бірінші болып келіп, 3 сағат 55 минут 55 секунд уақытты көрсетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Екі күннің қорытындысы бойынша катарлық автошабандоз Аль-Аттия бірінші орында тұр. Жаңаөзен қаласының маңынан басталған жарыстың бұл кезеңі мұнайшылар қаласын шеңбер іспеттес айналып шығып, Кендірлі маңында аяқталды. Оның жалпы ұзақтығы 495 шақырымды құрады.
Жарыстың бұл кезеңі Маңғыстау облысының ойлы-қырлы жерлерінде өткізіліп жатқандығын естеріңізге саламыз. «Ралли Қазақстан — 2017» алты кезеңнен тұрады. Ұзақтығы 2494 шақырымды құрайды. Экипаждар мына санаттар бойынша жарысуда: Т1 — жетілдірілген сериялық автомобильдер, Т2 — сериялық үлгілерден аз ғана айырмашылығы бар жеңіл автомобильдер, Т3 — жеңілдетілген автомобильдер мен Ұлттық сынып
inform.kz