Басты бет / Басқа түрлер / МЕРГЕНДЕРІМІЗ ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІНДЕ КҮМІС ЖҮЛДЕ ЕНШІЛЕДІ

МЕРГЕНДЕРІМІЗ ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІНДЕ КҮМІС ЖҮЛДЕ ЕНШІЛЕДІ

Садақ ату спорты бойынша  Түркияның Анталья қаласында әлем кубогның екінші кезеңі мәресіне жетті. Қазақстандық мергендер екі кезең қатарынан ақтық сынға дейін жетіп отыр.

Ойбек Сайдиев, Денис Ганкин және Сұлтан Түзелбаевтан құралған қазақстандық садақшылар алғашқы айналымда Қытайлық Тайпейден 6:2 есебімен басым түсті. Ширек финалда Қазақстан құрамасының ерлері Франция садақшыларынан 5:3 есебімен айласын асырды. Жартылай финалда да 5:3 есебімен жеңіске жатқан Қазақстан ерлер құрамасы финалға жолдама алған болатын.

Финал бүгін, 11 маусымда өтіп, қазақстандық садақ ату шеберлері алтын медальға таласта Италия құрамасына 3:5 есебімен есе жіберіп, күміс медальға қол жеткізді.

Айта кету керек, бұған дейін Қазақстан ерлер құрамасы Шанхайда өткен әлем кубогі кезеңінде командалық жарыста алтын медаль жеңіп алған болатын. Ол кезде бұл жетістігіміз үлкен сенсацияға бағаланса, бұл жолы спортшыларымыздың бәсекеге қабілетті екендігі дәлелденді.

Сондай-ақ

ҚАЗАҚСТАН БОКС ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ КУБОГЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

  Маңғыстау былтырғы жетістігін қайталай ала ма? Оңтүстіктің боксшылары не дейді? Алматы да қалар емес. …