«Ливерпульдің» жартылай қорғаушысы, Мохаммед Салах Чемпиондар лигасының 3-ші ойын аптасының үздік ойыншысы атанды.
Осы аптада Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің 3-ші тур ойындары өткен болатын. Сол болған ойындардың нәтижелерінің негізінде бүкіл әлем жанкүйерлері аптаның үздік ойыншысын таңдаған еді.
Сонымен, дауыс беру нәтижесінде 3-ші турдың үздік ойыншысы «Ливерпульдің» жартылай қорғаушысы, Мохаммед Салах деп танылды. Ол дауыстың 51%-ын жинады.
Салахтың командасы Мариборды тас-талқан етіп ұтты. Ал, Мохаммед Салахтың өзі бұл ойында екі гол соғып, бір нәтижелі паспен көзге түскен.
51% дауыс жинаған Салахтан («Ливерпуль») кейін, Дженк Тосун («Бешикташ») – 33%, Квинси Промес («Спартак») – 7%, Лионель Месси («Барселона») – 4%, Маркус Рашфорд («Манчестер Юнайтед») – 2%, Криштиану Роналду («Реал») – 2%, Эден Азар («Челси») – 1% және Неймар («ПСЖ») – 1%.
Салах бұған дейін Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің 1-ші турында, аптаның үздік ойыншысы атанған еді. Ал, екінші турда Криштиану Роналду үздік деп танылған.