Еліміздегі табиғаты ең әдемі жерлердің бірі болып табылатын Алматы облысындағы Солдат шатқалында шаңғы спортынан Қазақстан Республикасының 4-ші Спартакиадасы жалауын көтерді. Алғашқы сайыстар ерлер мен әйелдер арасындағы командалық «эстафета» болды.
Әйелдер арасындағы 4 х 5 км-лік еркін және классикалық әдістер бойынша эстафетада Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Алматы облыстарынан және Астана мен Алматы қалаларынан 4 спортшыдан қатысты.
Келесідей ретпен жеңімпаздар анықталды:
- — Шығыс Қазақстан облысы (Елена Коломина, Камила Махмутова, Анжелика Тарасова, Марина Матросова), нәтиже: 57 минут 57,6 секунд.
- — Ақмола облысының спортшылары (Валентина Эбель, Гүлсина Қадирова, Тамара Эбель, Эльмира Мутогарова) жеңімпаздардан 3 минуты 18,7 секунд қалып қойды.
- — Қола жүлдені Қостанай облысы иелені. (Елизавета Селезнева, Мария Люфт, Наталья Черных, Лаура Киныбаева), уақыты – 1:01:57,5.
Ерлер арасындағы сайыста Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Алматы облыстарынан және Астана мен Алматы қалаларынан 40 спортшы қатысты.
Бірінші орын – Ақмола облысы (Дениса Волотка, Константин Борцов, Олжас Климин, Евгений Величко).
Екінші орын – Шығыс Қазақстан облысы (Иван Люфт, Тлеужан Баяхметов, Ердос Ахмадиев, Сергей Черепанов).
Үшінші орын — Қостанай облысы (Руслан Дүненбаев, Александр Брейденбах, Иван Василевский, Виталий Пухкало).
Айта кету керек, 4-ші Қазақстан Республикасының Спартакиадасы аясында келесі шаңғы спортының төрт түрі бойынша сайыстар «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде өтеді.
22 желтоқсан – Скиатлон.
24 желтоқсан – Жекелей сайыстар.
26 желтоқсан – Спринт.
28 желтоқсан – Масс-старт.