Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / АСТАНАДАҒЫ ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕН КЕЙІН СПОРТТАН ШЕТТЕТІЛДІ

АСТАНАДАҒЫ ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕН КЕЙІН СПОРТТАН ШЕТТЕТІЛДІ

Осыдан берер апта бұрын Астанада ережесіз жекпе-жектен өткен турнирден кейін ағайынды Гаджимурад пен Гамзат Хирамагомедовтер ММА одағының вице-президенті әрі осы жарыстың бас төрешісі Радмир Габдуллинді соққыға жыққан болатын. Олардың барлығы да Ресей азаматтары.

Естеріңізге сала кетейік, Fight Nights Global 65 турнирінде жартылай орта салмақта бақ сынап жүрген қазақстандық Георгий Кичигин мен Гаджимурад Хирамагомедов чемпиондық атақ үшін айқасқан еді. Бұл тартыс жерлесіміздің пайдасына шешілді. Төрешілердің шешіміне наразы болған айтулы спортшы өзінің туған ағасы Гамзатты қасына ертіп алып, Радмир Габдуллин орналасқан қонақ үйге келеді. Бөлмеге баса-көктеп кірген  ағайындылар бас қазыны соққыға жығады. Соның салдарынан жәбірленушінің миы шайқалып, жағы екі жерден сынған екен.

Астанадағы оқиғаның мән-жайын мұқият тексерген Ресейдің ММА одағы Гаджимурад пен Гамзат Хирамагомедовтерді өмір бойы спорттан шеттету жөнінде шешім шығарды.

Сондай-ақ

ЖАС ДЗЮДОШЫЛАР ЕУРОПА КУБОГЫНА ДАЙЫН

3-4 маусым күндері Австрияның Лейбниц қаласында дзюдодан жастар арасында Еуропа кубогы өтеді. Оған Қазақстан жастар …