«Алатау» дәстүрлі өнер театрында спорт күніне арналған мерекелік шара өтті. Спорт саласының дамуына үлес қосқан азаматтар құрмет пен ыстық ілтипатқа бөленді, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.
Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әбіл Дөңбаев халықаралық және республикалық қала намысын қорғайтын алып шаһар спортшыларын, еңбегі сіңген бапкерлерді, осы салада белсенді ат салысып жүрген БАҚ өкілдерін мерекелерімен құттықтап, алғыс хаттармен марапаттады.
— Құрметті спорт сүйер қауым, сіздерді спорт мерекесімен құттықтаймын! Қала тұрғындарының салауатты өмір салтын ұстануына, спортшыларымыздың жаңа белестерді бағындыруына тигізер септіктеріңіз, ықпалыңыз зор екені айқын. Алып шаһарымыз, Алматыда спорттың дамуы үшін аянбай еңбек еткеніңіз үшін шексіз алғысымды білдіремін! – деп Әбіл Дөңбаев өз құттықтауын жеткізді.
Сонымен қатар, ол өткен жарты жылдыққа зе рсалып, Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт саласының дамуын саралап, күн тәртібіндегі өзекті мәселелер мен алдағы жоспарларды талқылады.
— Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, «Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті болады», сондай-ақ, Елбасы өз Жолдауында 2020 жылға дейін Қазақстан xалқының 30%-ын бұқаралық спортқа тарту туралы айтып кеткен болатын. Бүгінде, Алматы қаласының бұл мақсатқа ертерек қол жеткізуге мүмкіндігі баршылық. Өткен жылдың соңында, статистикалық мәліметк есәйкес, дене шынықтыру мен спортпен айналысатындар саны 29 %-ды құрады, — деп атап өтті өз баяндамасында Әбіл Бекетұлы.
Құрметке бөленіп алғыс хаттармен мараптталған 800-ге жуық қонақ ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.
— Барлық спортшыларды мерекесімен құттықтаймын. Әсіресе, БАҚ өкілдерін, осы салада белсенді ат салысып жүрген спорт тілшілерін шақырып, құрметтеп жатқанына аса қуаныштымын. Бұл тұрғыда, Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасына ризашылығымды білдіремін. Әрдайым тілшілермен бірлескен іс-шара халыққа жетеді деген ойдамыз. Бірлескен шараларымыз көп болсын, — деп бөлісті «Айқын» республикалық газетініңт ілшісі Досжан Балабекұлы.
Регбиден Алматы құрама командасы да құттықтауларын жеткізіп, алғысын білдірді:
— Регбимен айналысатын спортшылар атынан барлығын спорт күнімен құттықтаймын, денсаулық, сәттілік және жаңа жетістіктер тілеймін. Бүгінгі шара жоғарғы деңгейде өтті. Маған барлығы ұнады, — деп өз әсерімен Никита Иванов бөлісті.
Айта кетер жайт, мерекелік шараның құрметті қонақтарының қатарында Олимпиада чемпионы ЖақсылықҮшкемпіров, РКС директоры Аманбек Тшанов болды. Сонымен қатар, «Динамо» басшылығының атынан ҚР ІІМ 25 жылдығын аорай Әбіл Дөңбаев пен Аманбек Тшанов медальдермен марапатталды.
Мерекелік шара кішігірім концерттік бағдарламамен өз мәресіне жетті. Бүгінгі қонақтартамыз тамыздың 20-ы күні «Медеу»мұз айдынында өтетін «Star of Asia» концертіне шақырылды.