Басты бет / Басқа түрлер / 1000-НАН АСТАМ СПОРТ ӘУЕСҚОЙЛАРЫ СПОРТ КҮНІН ТОЙЛАДЫ

1000-НАН АСТАМ СПОРТ ӘУЕСҚОЙЛАРЫ СПОРТ КҮНІН ТОЙЛАДЫ

Бүгін, Алматыда «Нархоз» университетінің стадионында, Спорт күніне орай дәстүрлі он үшінші аула командалары арасындағы футболдан турнир өтті.

Жарыстар «Спорттық Алматы» бағдарламасының аясында «Макси чай» компаниясының қолдауымен ұйымдастырылды. Айтулы додаға 136 команда, яғни 1000-нан астам адам қатысты. Оның 75-і кіші лигадан болса (8-14 жас), ал қалғандары он бес жастан жоғары ересектерден құралған командалар. Жасөспірімдер шеберліктерін шыңдаса, көрермендер қызықты да тартысты матчтардың куәгері атанды. Сонымен, кіші топтар арасында «Tempo» үздік атанды, ал «Кристэл Палас» және «Ростов» командалары екінші және үшінші орындарға жайғасты.

— Барлық қатысушылар мықты. Бізге жеңіс оңай ғана берілген жоқ. Бірінші орынды ұтқанымыз үшін аса қуаныштымыз. Алға қойған мақсатымызға жеттік. Осында бірнеше рет бақ сынасудамыз. Бізге осы турнир өте ұнайды. Сонымен қатар, осы жарыстың жалғасқанын қалаймыз, — деп атап өтті «Tempo» ойыншысы Айбек Калиакбаров.

«Б» лигасының қатысушылары арасында «South pro team» жеңді. Ал күміс пен қоланы «Мақаншы» және «Тарғап» олжалады.

Айта кетсек, «Спорттық Алматы» бағдарламасы мегаполисте бұқаралық спорттың дамуына бағытталған.

Сондай-ақ

АЛМАТЫДА ГОЛЬФТАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА АШЫҚ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ

Тамыздың 23-і мен 24-і күндері «Нұртау» гольф-клубында осы спорт түрінен 5-17 жастар аралығындағы балалар арасында …