Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / АЛМАТЫДА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ ІРІ ММА ТУРНИРІ ӨТПЕКШІ

АЛМАТЫДА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ ІРІ ММА ТУРНИРІ ӨТПЕКШІ

9 ҚЫРКҮЙЕК, 18:00 де, «ALMATY ARENA» спорт кешенінде (Алғабас-1 ы-ауд) «ALASH PRIDE» промоутерлік компаниясы «АСВ» промоушенімен бірлесе, АЛМАТЫ қ. Әкімдігінің қолдауымен Қазақстан тарихындағы ең ауқымды, халықаралық ММА турнирін өткізеді. Бұл кештің басты жекпе-жегі АРМАН «СҰҢҚАР» ОСПАНОВ  пен бразилиялық ТЬЯГО «MANCHINHA» ЛУИС СИЛВА арасында өтеді.

Қазақстанның ең үздік файтері, «Alash Pride FC» сарбазы — Арман Оспанов кәсіпқой аралас жекпе-жекте сегіз кездесуге шығып барлығында айқын жеңген. Ол әскери самбодан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, қоян-қолтық ұрыстан әлем және ТМД чемпионы, әскери самбодан әлемнің үш дүркін чемпионы. Оның қарсыласы ТьягоЛуис Силва (12-5) бразильдік джиу-джитсудан қара белбеудің иегері және «Shooto Brasil» ұйымының әлем  чемпионы.

«ALASH PRIDE – АСВ» — осы күздегі ең елеулі кәсіби аралас жекпе-жек жәрмеңкесі. Бұл ММА турнирінің аясында белгілі қазақстандық спортшылар, «Alash Pride FC» өкілдері — АсылжанБақытжанұлы, Евгений Егембердиев, Асу Алмабаев, Қаршыға Дәуітбек, Бахтияр Несіпбек пен легионеріміз МуродХантураев және Игорь Свирид айқасқа түспек. Турнирде сегізбұрышқа  жалпы 15 жұп жекпе-жекке шығады. Олар Ресей, АҚШ, Бразилия, Литва, Румыния және Тәжікстан сынды елдердің атышулы файтерлері.

«ALASH PRIDE – АСВ» турниріне белгілі америкалық UFC рефериі- Джон Маккарти мен Херб Дин өзінің әділқазылар бригадасымен төрешілік етеді. UFC-дің үш дүркін экс-чемпионы Френк Мир тікелей эфирде аталмыш жекпе-жек кешінің комментаторы болмақ.

«ALASH PRIDE – АСВ»ММА турнирі аясында жоспарланған барлық шаралар тізімі:

27 тамыз – Арман Оспанов және «Alash Pride FC» өкілдері «Экстрим толқыны» байқауының және Алматылық «Велошеру» қатысушыларымен жүздесіп қолтаңба үлестіреді.

Өтетін жері: М.Горький атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағы Басталуы: 9:30

28 тамыз – «Alash Pride FC» өкілдері Асылжан Бақытжанұлы, Евгений Егембердиев  пен Мурод Хантураевтың ашық жаттығуы.

Өтетін жері:(«Алтын Тараз» СК Абылай хан даңғылы, 3,төменгі қабат)  Басталуы: 18:00

31 тамыз – БАҚ өкілдеріне турнирге аккредитацияның басталуы. (9:00)

5 қыркүйек – «ALASH PRIDE – АСВ» турнирі алдында «Alash Pride FC» өкілі Армана Оспанов ашық жаттығу өткізеді.

8 қыркүйек –«ALASH PRIDE – АСВ» турнирінің баспасөз-мәслихаты және спортшылардың ресми салмақ өлшу рәсімі (көз түйістіру).

Сондай-ақ

БАРЛЫҚ ӨҢІРГЕ ЖАҢА БОЗКІЛЕМДЕР СЫЙҒА БЕРІЛМЕК

ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы елімізде күрес түрлерін дамыту жолында соңғы жылдары көптеген …