Басты бет / Басқа түрлер / АЛМАТЫДА КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ВЕЛОШЕРУ ӨТЕДІ

АЛМАТЫДА КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ВЕЛОШЕРУ ӨТЕДІ

 Тамыздың 27-ікүні алып шаһарда  «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында Конституция күніне арналған велошеру өтеді.

 Таңғы сағат  08:30-да велошеру қатысушылары «Нұрлы Тау» бизнес орталығы маңында жиналып, ұйымдастырушылардан бағалы сыйлықтар ойнатылатын лотореяның  нөмірлерін  алып,   одан кейін 9 шақырым қашықтықты бағындыру үшін жолға шығады.

Әуесқойлар велошеруді  М. Горький атындағы орталық демалыс және мәдени саябағында аяқтайды.

 Мәреде қатысушылардың арасында бағалы сыйлықтар мен велосипед ойнатылатын болады. Сонымен қатар, велошабандоздар сол жерде болатын «Extreme толқыны» атты спорттық  шараға тіркеліп экстремалды спорт түрлерінен болатын жарыста бақ сынауға мүмкіндік алады. Аталмыш жарыстың жалпы жүлде қоры шамамен 2 млн. теңгені құрамақ.

Сонымен қатар, Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы қатысушыларға арнайы бас киімсіз (шлемсіз) қатысуға тыйым салынатындығың ескертеді.

Айта кетер жайт, осы велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының қолдауымен 2017-ші жылы жоспарланған 21 велошерудін он алтыншысы болып саналады.

«Спорттық Алматы» бағдарламасы мегаполистегі бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылуда.

Сондай-ақ

АЛМАТЫДА ЭКСТРИМ ӘУЕСҚОЙЛАРЫНА АРНАЛҒАН «EXTREME ТОЛҚЫНЫ» ӨТЕДІ

Тамыздың 27-сі күні М.Горький атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағында экстремалды спорт түрлерінен «Extreme толқыны» …