Алматыда «Спорттық Алматы» жобасы аясында Конституция күніне арналған велошеру өтті, деп хабарлайды спорттық және ақпарттық ХАБ.
«Нұрлы Тау» бизнес орталығынаң бастау алған 9 шақырымдық қашықтық М.Горький атындағы орталық мәдени және демалыс саябағында аяқталды. 600-ге жуық қатысушының арасында көптеген сыйлықтар ойнатылып, «Officeair»бренді ұсынған сертификаттар таратылды. Әуесқойлардың арасында Норвегия елінен келген «BikeforPeace» жобасының президенті Тор Ниарланд та болды. Ол 40 жыл бойы әлем үшін көптеген велоқозғалыстар ұйымдастырып, атомдық қару-жарақтарға қарсы жобалар жүргізіп келе жатқаның айтып, Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарудаң өз еркімен бас тартқан саясаты жайлы өз кітабына жазғанын мәлімдеді.
— Мен осымен Қазақстанға үшінші рет келіп отырмын. Алматы қаласына кішкентай кезімде келген болатынмын. Бұл қалада әдемі жерлер өте көп. Әсіресе тауы мен тұрғындардың спортпен белсенді айналысатындығы мені таң қалдырады. Негізі осы елге Астанада болатын xалықаралық конференцияға қатысуға келгенмін. Алматыда өзіміз кеше тау жақта велошеру ұйымдастырғанбыз. Содан осы велошеруге қатысуға Алматы қаласы әкімдігі тарапынан ұсыныс түскеннен кейін, ештеңеге қарамастан қатысуға бел будым, — деді Тор Ниарланд.
Сонымен қатар, белсенділік танытып, ерекше ұлттық костюм киген алматылықтар «Спорттық Алматы» ұсынған фирмалық футболкалар мен, қыркүйектің 9-і күні «Алматы Аренада» өтетін жекпе-жек кешіне арналған билеттер ұтып алды. Оларды «Alashp ride» спортшысы Евгений Егембердиев келіп таратты. Ал, лотереяда үш велосипед ойнатылып, соның бірін жеңіп алған Наталья Сафонова ұйымдастырушыларға өз алғысын білдірді.
— Мен осы велошерулерге былтырдан бері қатысып келемін. Бүгін 24-ші рет келіп тұрмын. Велошерулердің арқасында өзімнің спортқа деген қызығушылығымды арттырып жүрмін. Барлығына айтқым келетіні велошерулерге қатысып, салауатты өмір салтын ұстаныңыздар, — деді ол.
Велошеруден кейін Орталық саябақ маңында эктремалды спорт түрлерінен «Extrem толқыны» BMX, скейтбординг, ролик және самокат, сонымен қатар, бишоуы, попинг (1х1), хип-хоп (1х1), брейк данс (1х1, 3х3), вакинг (1х1) би түрлерінен жарыстар өз жалғасын тапты.
Аталмыш шара «Спорттық Алматы» бағдарламасының аясында, «Gorilla», «Wallride», Қазақстан бойынша скейтбордтар дүкені «Sport Idea», білім корпорациясы ED.EX және Қазақстанда көкөністік чипсы өндіретін Crispy компанияларының қолдауымен өтті.
Жалпы, додаға 1500-ге жуық Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ, БАӘ, Өзбекстан, Қырғызстан, Оңтүстік Америка және тағы да басқа елдерден келген экстремалдар мен бишілер қатысты.
— Мен «Эсктрим толқыны» туралы досымнан естідім, ол мені осы жарыста бақ сынасуға шақырды. Мен құрбым мен Перуден келдім, оны осында жұмысқа шақырған. Мен де әуесқоймын. BMX–пен 5 жылға жуық шұғылданамын. Францияда»адам ресурстары» мамандығы бойынша магистратурада оқимын. Маған Алматы өте ұнады, мұнда керемет инфраструктура, адамдар жарқын жүзді, көңілді. «Экстрим толқыны» райдерлер санымен қуантуда, қарсыластар өте мықты. Ұйымдастырушыларға ризашылығымды білдіремін, шара жоғарғы деңгейде өтті, — деп бөлісті 31 жасар қатысушы Мануэль Варгес.
Эктремалдардан бөлек, саябақ қонақтары үшін арнайы алаңдарда түрлі сайыстар өткізілді. Қызығушылық білдірген балалар мен ересектер скакалка, баскетбол, футболдан бәстесіп, сыйлықтармен марапатталды. Ал «Экстрим толқыны» спорттық шараның жүлде қоры 1 млн. 800 мың теңгені құрады.
Айта кетер жайт, сайысқа тіркелген бишілер өз өнерлерін мыңдаған көрермен алдында көрсетті. 5000-ға жуық экстрим әуесқойлары қатысушыларды барынша қолдаса, ал әділетті төрешілер өзара мықтыларды анықтады. Хип-хоп би түрінен Ташкеттен келген қатысушы жеңімпаз атанды. Оған ұйымдастырушылар атынан жүз мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық табысталды.
— Мен Өзбекстаннан арнайы осы шара үшін келдім. Бимен 9 жыл шұғылданамын, көптеген жарыстардың жеңімпазы мен жүлдегерімін. Маған осында барлығы ұнады. Бірінші орын алғаныма қуаныштымын. Шыны керек, мен ойлағаннан да, қиын болды. Финалда тек үздік бишілермен кездестім, олар мен бәстесудің өзі қуаныш, — деп бөлісті жарыс жеңімпазы Дияр Юлдашев.
Атап өтсек, би шоуының үздік командасы атанған бишілер тобы 300 мың теңгені жеңіп алды, бұл жарыстың ең үлкен ақшалай сыйақысы.