Басты бет / Қысқы спорт / АЛМАТЫДА ХОККЕЙДЕН ЕЛ БІРІНШІЛІГІНІҢ I КЕЗЕҢІ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

АЛМАТЫДА ХОККЕЙДЕН ЕЛ БІРІНШІЛІГІНІҢ I КЕЗЕҢІ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде әйелдер арасындағы шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионаты I кезеңінің соңғы кездесулері өтті.

Бірінші болып алаңға екі алматылық команда «Айсұлу» және «Айсұлу U-18» шықты. Айта кетсек, екінші команданың хоккейшілері жас, он сегіз жасқа дейінгі спортшылардан құралған. Әлбетте, бұл матч тәжірибиелі «Айсұлудың» жеңісімен аяқталды. Жас ұжымның қарсыластар қақпасына бірде-бір шайба соғуға мүмкіндіктері болған жоқ. Қазақстан чемпионатының тұрақты жеңімпаздары «Айсұлу U-18» командасын ойсырата ұтты, есеп 19:0.

— Біз «Айсұлу U-18» қыздарымен жиі ойнап тұрамыз, олар біздің екінші құрамамыз. Осыған байланысты, бүгін жаттығу ойын болды десек те болады. Біз өз шеберліктерімізді шыңдап, жаттықтық. Әрқашан жеңуге тырысамыз, қарсыластарымызға жол бермеу үшін көп жұмыс жасаймыз. Чемпионаттың бірінші кезеңінде жақсы нәтиже көрсете алғанымызға аса қуаныштымыз, — деп бөлісті Қазақстан құрамасының және «Айсұлу» командасының хоккейшісі Малика Алдабергенова.

Келесі ойын «Горняк» пен «Торпедо» арасында өтті. Бұл кездесуде өскемендіктер қарсыластарынан басым түсті. Матч 8:2 есебімен, «Торпедо» хоккейшілерінің жеңісімен аяқталды.

Хоккейден Қазақстан чемпионаты бірінші кезеңінің нәтижелері бойынша, әдеттегідей «Айсұлу» алға бірінші орынды сақтап қалса, екінші орында астаналық «Томирис» болса, үшінші орынға өскемендік «Торпедо» жайғасты. «Айсулу U-18» және Рудныйдың «Горняк» командасы турнир кестесін қорытындылады.

Сондай-ақ

БАРЛЫҚ ӨҢІРГЕ ЖАҢА БОЗКІЛЕМДЕР СЫЙҒА БЕРІЛМЕК

ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы елімізде күрес түрлерін дамыту жолында соңғы жылдары көптеген …