Басты бет / Басқа түрлер / «ЖҰЛДЫЗАЙ-2017» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ ШЕШУШІ КЕЗЕҢІ ӨТЕДІ

«ЖҰЛДЫЗАЙ-2017» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ ШЕШУШІ КЕЗЕҢІ ӨТЕДІ

Алматыда «Жұлдызай-2017»  республикалық спартакиадасының шешуші кезеңі өтеді

Мамырдың 30-31 күндері алғаш рет «Динамо» стадионында ауқымды шара – XII республикалық «Жұлдызай» фестивалі аясында спардакиаданың финалдық кезеңі өтеді. Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әбіл Дөңбаев, «BI-Жұлдызай» корпоративтік  қорының директоры Гүлхан Исабаева, «Олимпионик» әлеуметтік қорының президенті Зейнулла Ақан бүгін өткен баспасөз мәслихатында  ірі спорттық шара  жайлы баяндады.

— Біз  Алматыда осы жарысты ұйымдатыруды жоспарлағанбыз. Шешуші кезеңге Қазақстанның түкпір-түкпірінен 400 қатысушы іріктелді. Балалардың барлығына қуаныш сыйлаймыз деген ойдамыз. Мереке жоғарғы деңгейде өту үшін барлық жағдай жасап жатырмыз. Бұл спартакиада тек ірі мегаполистерде ғана емес, еліміздің басқа да аудандарында жалғасын табады деген ойдамын, — деп атап өтті Әбіл Дөңбаев.

Айта кетсек, Республикалық спартакиадаға 10-15 жас аралығындағы балалар қатыса алады. Олар спорттың төрт түрінен, шағын футбол, жеңіл атлетика, үстелдегі теннис пен асык атудан белгілі ережелер бойынша жарыс жолына шығады.

— Алматы әкімдігіне деген алғысым шексіз. Біздің фестиваль 6 номинация бойынша өтеді. Жыл сайын біз аудандарға шығып, үздіктерді іріктейміз. Алайда, барлығы тек шығармашылықпен ғана айналыса бермейді, сондықтан өткен жылы біз спорттық шара, яғни спартакиаданы да ұйымдастыруды шештік. Бұл жарыс бүкіл елді  қамтиды. Осы жылы іріктеу жарыстарына 1200 бала қатысты, оларды стадионда кездестіреміз деген үміттемін, — деп бөлісті Гүлхан Исабаева.

«Олимпионик» әлеуметтік қорының президенті Зейнулла Ақан республикалық спартакиадада жақсы нәтиже көрсеткен балалар ұлттық құрамаға енуі әбден мүмкін екенін атап өтті.

— Біз осы шараны іске асыру үшін аянбай қызмет еттік. Қуантарлық жайт, балалар шығармашылық жағынан, спорттық жағынан барынша ат салысып жатыр. Олардың ынталары мен қуаныштарына шек жоқ. Біз оларды Алматыда қарсы алуға дайынбыз. Кейіннен біз оларды параолимпиадалық құрама мен  «Special Olympics»  жарыстарына дайындаймыз, – деп қорытындылады Зейнулла Акан.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Алматы қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы, Алматы қаласының Білім басқармасы, сонымен қатар, физикалық мүмкіндіктері шектеулі жандарға арналған «Алматы» спорт кешені, ұйымдастырушылар атынан кубоктармен, медаль мен дипломдармен марапатталады, сонымен қатар оларға бағалы сыйлықтар табысталады.

Айта кететін жайт, бұл шараның басты мақсаты, салауатты өмір салтын насихаттау, мүмкіндіктері шектеулі балаларды спортқа қызықтыру, оларды қоғамға әлеуметтендіру, біріктіру, сондай-ақ, дарынды спортшыларды іріктеп, оларға қолдау көрсету.

Еске салсақ, 12 жылда алғаш рет «Жулдызай» фестивалі алып шаһарда өтеді. Бұған дейін спартакиада еліміздің астанасында өткізілген. Осы жылы, «Жұлдызай-2017» Фестивалі дәстүр бойынша 7000 баланың басын қосады. Жарыс бір аптаға созылып, маусымның бірі күні өз мәресіне қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін гала-концертпен жетеді.

 

Сондай-ақ

БАРЛЫҚ ӨҢІРГЕ ЖАҢА БОЗКІЛЕМДЕР СЫЙҒА БЕРІЛМЕК

ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы елімізде күрес түрлерін дамыту жолында соңғы жылдары көптеген …