Қазанның айының 21- күні «Halyk Arena»көпфункционалды мұз кешеніндеерлер, әйелдер, жасөспірімдер, жастар, және қыздар арасындағы Киокушинкай-кан каратэден Қазақстан чемпионатының жалауы желбірейді, деп Ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.
Ел бірінішілігіне Қазақстанның барлық өңірінен 300-ге жуық каратэшілер қатысады. Жарыста Әлем, Еуропа, Азия чемпионаттарының жүлдегерлері мен халықаралық турнирлердің жеңімпаздары бақ сынайды.
Киокушинкай-канкаратэден Қазақстан чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі сағат 12:00-де өтеді. Жарыс 9:00 басталады.
Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі мен Республикалық Ұлттық Киокушинкай-кан каратэ Федерациясы.