Басты бет / Басқа түрлер / АЛМАТЫДА «ЖАС БАРЫС» ТУРНИРІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

АЛМАТЫДА «ЖАС БАРЫС» ТУРНИРІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Алматыда дәстүрге айналған қазақ күресінен «Жас Барыс» атты турнирдің жеңімпаздары анықталды, деп Ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

242 спортшының қатысуымен өткен боз кілем бәсекесі ҚазҰУ-нің спорт кешеніңде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ күресінен халықаралық федерациясы ережесіне сәйкес өткізілді.

Екі кезеңге бөлінген жарысқа Алматының сегіз ауданынан келген жасы 14-15, 16-17, 18-19-дағы жас палуандар қатысты. Жеңімпаздармен жүлдегерлер медалдар және дипломдармен марапатталды.

Бірінші орынға ие болған палуандардың тізімі келесідей: Е. Мамлемгазы (42 кг), Айбек Айсары (46 кг), Ролан Кабаев (51 кг), Азамат Мұxтарxан (55 кг), Олжас Оразулы (57 кг), Жандос Ескендір (60 кг), Еркін Кемпірбай (64 кг), Ғалымжан Тойбаев (66 кг), Оналбай Жұмаділда (71 кг), А. Сапарбаев (73 кг), Нұрдаулет Каукенов (+73 кг), Лесбек Таджа (81 кг), Асқар Әлібек (+81 кг), Марат Кеңес (82 кг), Әкім Дәулет (100 кг), Нұрае Қунатай (+100 кг).

— Мен бүгін 66 келі салмақта белдесіп, үшінші орынға ие болып отырмын. Жеңімпаз атанғым келген, алайда қарсыласым мықты болып шықты. Енді алда басқа да жарыстар күтіп тұр, дайындалып жақсы нәтиже көрсетуге тырысамын. Екі жылдың ішінде көптеген жарыстарға барып үлгердім. Бәрі де ұнады десем де болады. Тек дайындықты жалғастыру керек, — деді «Жас Барыс» турнирінің қола жүлдегері Алмат Нұрмаш.

Айта кетер жайт, жалпы, бұл жарыста 48 медалдар жиынтығы сарапқа салынды.Турнир Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасыының қолдауымен қазақ күресін жастар мен жасөспірімдер арасында белсенді түрде насихаттау және спортшылардың деңгейлерін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Сондай-ақ

МОГУЛШЫЛАРЫМЫЗ ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ АЛТЫНЫН ИЕЛЕНДІ

Қытай елінің Тайву қаласында Фристайл-могул спорты бойынша әлем кубогының екінші кезеңі өтуде. Финалдық кезеңде қос …