Басты бет / Басқа түрлер / АЛМАТЫДА ЖОО ОҚЫТУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ

АЛМАТЫДА ЖОО ОҚЫТУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ

Бүгін «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ спорт кешенінде жоғары оқу орындарының оқытушылары арасында спартакиада өтті, деп Апараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Бұл жарыс «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша спорттың төрт түрінен ұйымдастырылды.  100-ге жуық ұстаз  шағын футбол, тоғызқұмалақ, қол күресі, арқан тарту, шахмат және гір көтеру бойынша өзара мықтыны анықтады.

— Біздің команда шахматтан бақ сынасып, бірінші орынды иеленді. Әрине, біз жеңіске жеткеніміз үшін аса қуаныштымыз. Жалпы турнир жақсы өтті. Мен осындай спорттық шаралар жиі өткізіліп тұрса екен деймін.  Заң сабақтарынан дәрістер беремін, спортқа уақыт табу оңай емес. Алайда бүгін спортпен шұғылданып, әріптестерімізбен бірге сергіп қайттық, — деп бөлісті жарыс жеңімпазы, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Құлғазы Ракишев.

Регламентке сәйкес сайысқа қатысушы командалардың қатарында әйелдер және ерлер  болуы тиіс.Жалпыкомандалық есеп бойынша спартакиада жеңімпазы Абай атындағы ҚазҰПУ ұжымы атанды. Күмісті ҰҚК академиясының оқытушылары олжаласа, ал қоламен Нархоз университетінің командасы күптелді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медалдар, дипломдар және кубктарға ие болды, сондай-ақ, оларға кішігірім сыйлықтар табысталды.

Бұл спартакиаданың басты мақсаты ЖОО оқытушыларының арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, үздік ұжымды анықтау және де салауатты өмір салтына бейімдеу болып табылады.

«Спорттық Алматы» бағдарламасы қаладағы бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылады.

 

Сондай-ақ

«ИНТЕР» «ВЕРОНАДАН» БІР ГОЛ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫМЕН БАСЫМ ТҮСТІ

Италия біріншілігінің 11-ші кезеңінде өткен «Верона» — «Интер» кездесуінде, Спаллеттидің командасы Перишитің голының арқасында «Веронадан» …