Басты бет / Басқа түрлер / АЛМАТЫДА АУЛА КОМАНДАЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ ЖАРЫСТЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

АЛМАТЫДА АУЛА КОМАНДАЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ ЖАРЫСТЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Алматыда «Спорттық Алматы» жобасы аясында өткен аула командалары арасындағы футбол лигасы биылғы маусымын аяқтады, деп Ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

17-ші рет өткізілген футбол ойындары «Мaxi чай» компаниясы, «Hawaii» аквапаркі және Қайрат футзал клубының қолдауымен Нархоз университеті футбол алаңында ұйымдастырылды.

Олимпиада жүйесіне сәйкес өткізілген жарысқа тек осы турға дейін өнер көрсетіп — 1, 2 және 3-ші орын алған 34 команда қатысты. Олардың он тоғызы «Б» лигасының ойыншылары болды. Жарыстың ашылу салтанатына Қайрат футзал клубының танымал ойыншылары Дінмұхамбет Сүлейменов, Игита және Лео қатысып, ойыншыларға сәттілік тіледі.

Сайыстын қортындысы бойынша «А» лигасына тіркелген командалардының қатарында «Император» бірінші орынды иеленсе, «Бешикташ» пен ФК «Майами» екінші және үшінші орындарға жайғасты. Ал, үлкендер арасында орындар келесідей болды: «Сарыбастау», ФК «Тастак» және «Легион».

— Биылғы маусымда біз «Спорттық Алматы» жарыстарын жібермей қатыстық. Ұйымдастырушыларға және қала әкімдігіне алғысымыз шексіз. Осындай жарыстар жиі өтетін болса біз үшін үлкен қуаныш. Бүгін бірінші орынды жеңіп мақсатымызға қол жеткіздік. Алдағы уақытта да келіп, ойнап тұруға әрқашанда әзірміз. Келесі жылы да осы бағдарлама жалғасатын шығар деген ойдамыз, — деп «Император» командасының ойыншысы Шәкәрім Оразғали бөлісті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар, медалдар, сыйлықтар, сондай-ақ кубок және аула лигасының серіктестерінен «Мaxi чай» сусындары, Қайрат футзал клубының доптары және «Hawaii» аквапаркіне билеттер табысталды.

Шағын футболдан турнирлер Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен, жастармен өзге жас санатындағы қала тұрғындарын күнделікті дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға қызықтыру, жаппай спорт түрлерінің бірі футболды мегаполисте насихаттау, сондай-ақ, денсаулықты нығайту үшін қолжетімді әдісті таңдауға көмектесу мақсатында өткізіді. Биылғы жылы көктемнің алғашқы күнінен басталған бұл жарыс 17 рет өткізіліп, жалпы 18 000-ға жуық адам қатысты.

«Спорттық Алматы» жобасы мегаполистегі спорттың дамуына және белсенді тынығуға бағытталған. Жоба осы атаумен алдыңғы жылы басталып, бүгінде қала тұрғындарын түрлі спорттық шаралармен қуантып келеді.

Сондай-ақ

«ИНТЕР» «ВЕРОНАДАН» БІР ГОЛ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫМЕН БАСЫМ ТҮСТІ

Италия біріншілігінің 11-ші кезеңінде өткен «Верона» — «Интер» кездесуінде, Спаллеттидің командасы Перишитің голының арқасында «Веронадан» …