Басты бет / Басқа түрлер / «СПОРТТЫҚ АЛМАТЫ» КОНЬКИМЕН СЫРҒАНАУДЫ ТЕГІН ҮЙРЕТУ САБАҚТАРЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА

«СПОРТТЫҚ АЛМАТЫ» КОНЬКИМЕН СЫРҒАНАУДЫ ТЕГІН ҮЙРЕТУ САБАҚТАРЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА

Қарашаның  26-і күні сағат 19:00-ден 21:00-ге дейін «Медеу» мұз айдыныңда «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында конькимен сырғанауды тегін үйрету сабақтары  өтеді.

Бағдарлама аясында кез келген коньки тебуші тәжірибелі жаттықтырушылардың көмегіне жүгіне алады. Ал, «Медеуге» келушілер  көптеген қызықты ойындарға қатысып, бағалы сыйлықтар ұтып алуға мүмкіндіктері бар.

Естеріңізге сала кетсек, билеттер мен конькиді жалға алу «Медеудегі» прейскурантка сәйкес беріледі. Бұл конькимен сырғанауға ақысыз түрде үйрету сабақтары желтоқасанның 24-і дейін жалғасып, келесі жылдың қаңтар айында қайта іске қосылады.

Спорттық шараның басты мақсаты қаладағы бұқаралық спорт түрлерін дамытып, қала тұрғындары мен қонақтарын салауатты өмір салтын ұстануға шақырту болып табылады. Акция  «Спорттык Алматы» бағдарламасына биылғы жылдың 25-ші ақпанында басталған болатын. «Спорттық Алматы» бағдарламасы қаладағы бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылды.

Сондай-ақ

ҚАНАТ ИСЛАМ КЕЛЕСІ ЖЕКПЕ-ЖЕГІН БРИТАНДЫҚ БОКСШЫҒА ҚАРСЫ ӨТКІЗУІ МҮМКІН

Бірінші орта салмақта өнер көрсететін британдық боксшы Килрейн Келли (23-1, 9 КО) осы салмақта өнер …