Басты бет / Басқа түрлер / АЛМАТЫДА ВОЛЕЙБОЛДАН ҚАЛА БІРІНШІЛІГІНІҢ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

АЛМАТЫДА ВОЛЕЙБОЛДАН ҚАЛА БІРІНШІЛІГІНІҢ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Алматыда волейболдан қыздар арасында қала біріншілігінің финалы өтті. Алып шаһардың үздік ойыншылары жүлделі орындарды сарапқа салды. Олар үш жастық санатта бәстесті: 2002-2003 жж, 2004-2005 жж және 2006-2007 жж, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.

— Мен бірінші рет қала біріншілігінің шешуші кезеңінде бақ сынадым, бұған дейін тек жолдастық кездесулер өтетін. Өзім Алматиночка-2 командасының мүшесімін, бұл орта топ. Жалпы финалдың қатысушылары іріктеуден өткен әр ауданның үздік волейболшылары. Бүгінгі жарыста жеңіске жеткен команда қала намысын ел біріншілігінде қорғайтын болады, — деп атап өтті бүгінгі доданың қатысушысы Алсу Заурова.

Бапкерлер мен ұйымдастырушылардың айтуынша бүгінгі жарыс қала құрамасына іріктеу болып табылады. Үздік ойыншылар жазда өтетін республикалық Спартакиадада қала намысын қорғайтын болады.

— Жалпы, осындай жарыстар спортшылардың спортқа, жеңіске деген ынталарын арттырады. Алматы клубының қолдауымен қала волейболшыларын жаппай қамту мақсатында бапкерлер аудандардан үздіктерді іріктеді. Ал бүгін олар финалда жарыс жолына шықты. Осылайша, біз қала құрамасына спортшыларды іріктейтін боламыз. Әрине, қыздар ел чемпионаттарына әлі дайын емес, алайда, уақыт келе тәжірибие жинайды деген ойдамын, — деп бөлісті спорт және туризм Академиясының бас бапкері Владимир Иванович.

Волейболшы қыздар айналым жүйесі бойынша бақ сынасты. Ең көп ұпай санын жинаған команда чемпион атанды. Жарыс нәтижелері бойынша 2002-2003 жж аралығында Алматы-1, ал 2004-2005 жж аралығында Алматы-2 командалары алтынды олжалады. Алматы – 2 және Академия 2 ұжымдарының волейболшылары күміспен күптелсе, ал Академия-3 және Алматы-2 қола жүлдесін қанағат тұтты.

— Мен «Алматы» командасында ойнайтын Александра Кобзарьдың анасымын. Осындай турнир өтіп жатқанына аса қуаныштымын. Енді қала бойынша үздік волейболшылар жиналып, бәстесуге мүмкіндіктері бар. Ұйымдастырушыларға балаларымызға көрсетіп жатқан қолдауы үшін шексіз алғысымды білдіремін, — деп бөлісті жарыс қатысушысының анасы Надежда Кобзарь.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом және кубоктармен марапатталды. Бүгінгі жарысты Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен «Алматы» волейбол клубы ұйымдастырды.

Сондай-ақ

«СПОРТ МЕНІҢ АУЛАМДА» КЕЛЕР ЖЫЛЫ СПОРТПЕН АЙНАЛЫСАТЫНДАР САНЫ 15000 АДАМҒА ЖЕТЕДІ

«Спорт менің ауламда» жобасының басшысы: 2018 жылыспортпен айналысатындар саны 15 мың адамға жетеді 2017 жылы …