Басты бет / Басқа түрлер / «ЖҰЛДЫЗАЙ» СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТЕДІ

«ЖҰЛДЫЗАЙ» СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТЕДІ

Алматы қаласының ақпараттық-спорт хабы мамырдың 30-ы мен 31-і  күндерімүмкіндіктері шектеулі және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар арасында өтетін  «Жұлдызай» республикалық  спартакиадсыныңфиналдық кезеңі өтетінін хабарлайды.

Жарысқа400-ге жуық қыздар мен ұлдар «Динамо» стадионында спорттың төрт түрінен, шағын футбол, жеңіл атлетика, үстел теннисі және асық атудан белгілі ережелер бойынша  өзара мықтыны анықтайды.

Республикалық спартакиадаға 10-15 жас аралығындағы балалар қатысады. Олар қалалық іріктеу кезеңінде жақсы нәтижелер көрсеткен ұжымдар.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медаль мен дипломдармен марапатталады, сонымен қатар оларға бағалы сыйлықтар табысталады.

Спартакиаданың ұйымдастырушылары: Алматы қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы, Алматы қаласының Білім басқармасы, сонымен қатар, физикалық мүмкіндіктері шектеулі жандарға арналған «Алматы» спорт клубы.

Айта кетер жайт, бұл шараның басты мақсаты, салауатты өмір салтын насихаттау, мүмкіндіктері шектеулі балаларды спортқа қызықтыру, оларды қоғамға әлеуметтендіру, біріктіру, сондай-ақ, дарынды спортшыларды іріктеп, оларға қолдау көрсету.

Жарыстың  басталуы: 10:00. Келушілерге кіру тегін

Сондай-ақ

ҚОЛ КҮРЕСІНЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚАЗАҚСТАН БІРІНШІ

Қырғызстан мемлекетінің Ыстықкөл демалыс аймағы Бостери қаласында жасөспірімдер, жастар жəне ересектер арасындағы армрестлингтен XVI Азия …