Басты бет / Басқа түрлер / АЛМАТЫДА АУҚЫМДЫ СПОРТТЫҚ ШАРАЛАРДЫҢ БІРІ БАСТАЛДЫ

АЛМАТЫДА АУҚЫМДЫ СПОРТТЫҚ ШАРАЛАРДЫҢ БІРІ БАСТАЛДЫ

Бүгін Алматыда, «Динамо» стадионында «Жұлдызай» республикалық  спартакиадсының финалдық кезеңі басталды.

Жарысқа 400-ге жуық мүмкіндіктері шектеулі және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар екі күн бойы, спорттың төрт түрінен, шағын футбол, жеңіл атлетика, үстел теннисі және асық атудан белгілі ережелер бойынша  өзара мықтыны анықтайды. Республикалық спартакиадаға 10-15 жас аралығындағы балалар қатысады. Олар қалалық іріктеу кезеңінде жақсы нәтижелер көрсеткен ұжымдар.

Спорттық шараның  қатысушыларына қолдау көрсетуге Алматы қаласы  әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, «BI-Жұлдызай»  корпоративтік қорының директоры Гүлхан Исабаева, «Динамо» директоры Асқар Омарқұлов, жүзуден  Паралимпиада ойындарының  чемпионы  Зульфия Габидуллина келді. Арман Қырықбаев сөз алып, Елбасының  арқасында жастар арасында спорт қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

— Алматы спорт орталығы деп танылған қала. Өйткені, бізде жылына 2000-ға жуық спорттық шаралар өткізіледі. Елбасы әр жолдауында спорт пен ел денсаулығының маңызына ерекше тоқталып кетеді. Сондықтан да біз мұндай спорттық шараларға аса көңіл бөлеміз. Спорт – бәсекелесуге қабілетті жастарды тәрбиелейді. Қала әкімдігінің атынан сіздерге сәттілік пен жарқын жеңіс тілейміз, — деп атап өтті Арман Оразбайұлы.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер, сондай-ақ, команда жеңімпаздары мен жүлдегерлері спартакиаданың ертең, мамырдың 31-і күні анықталатын болады. Олар кубоктармен, медаль мен дипломдармен марапатталады, сонымен қатар ұйымдастырушылар атынан оларға бағалы сыйлықтар табысталады. Спартакиаданың ұйымдастырушылары: Алматы  қаласының әкімдігі, физикалық мүмкіндіктері шектеулі жандарға арналған «Алматы» спорт клубы.

— Спартакиада керемет өтіп жатыр. Біз Павлодардан Алматыға алғаш рет келіп отырмыз. Қала бізге қатты ұнады. Бүгін біз 100 метрді жеңіл атлетикадан жүгіріп өттік, ал ертең, бізді эстафета күтуде. Біз алтынды олжалаймыз деген үміттеміз. Алайда, бұл оңай емес, — деп бөлісті Павлдодардан келген қатысушылар Вова Баймишев пен Влад Смолянин.

Айта кетер жайт, бұл шараның басты мақсаты, салауатты өмір салтын насихаттау, мүмкіндіктері шектеулі балаларды спортқа қызықтыру, оларды қоғамға әлеуметтендіру, біріктіру, сондай-ақ, дарынды спортшыларды іріктеп, оларға қолдау көрсету.

Спартакиада Алматыда алғаш рет өткізілуде. Бұған дейін, өнерпаздар арасында республикалық фестиваль 2006 жылдан бері Астанада өтетін. Осы жылы «Жұлдызай-2017» фестивалі 7000 баланың басын қосып, маусымның 1-і күні керемет  гала-концертпен өз мәресіне жетеді.

Сондай-ақ

МЕССИ ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІ 2018-ГЕ ҚАТЫСАТЫН ҚҰРАМАЛАР ЖАЙЛЫ ӨЗ ОЙЫН АЙТТЫ

Аргентина ұлттық құрамасының және «Барселона» клубының шабуылшысы Лионель Месси алдағы әлем біріншілігінде топ жарып шығуы …