Басты бет / Басқа түрлер / АЛМАТЫДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ВЕЛОШЕРУ ӨТЕДІ

АЛМАТЫДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ВЕЛОШЕРУ ӨТЕДІ

 

«Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының аясында Мемлекеттік рәміздер күніне арналған велошеру маусымның 4-і күні өтеді.

Белсенді тынығу әуесқойлары алтыншы мәрте сағат 08:30-да «Нұрлы Тау» бизнес орталығының маңында жиналып, ұйымдастырушылар атынан сөре нөмірлерімен, бағалы сыйлықтар ойнатылатын лотереяға қатысуға мүмкіндік алады. Содан соң, велошеру қатысушылары кішкене шынығып, сағат 09:00-да доданы бастайды.

Осы жолы, велосипедшілер 9 шақырымды жүріп өтеді. Велошеру қатысушылары Әл-Фараби даңғылынан ҚР бірінші президенті саябағының жанында мәреге жетеді. Мәреде, қатысушылар бағалы сыйлықтар ойнатылатын лотереяға қатыса алады. Әдеттегідей, спортшылардың бірі басты сый – велосипедтің иегері атанады.

Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқамасының хабарлауынша, қауіпсіздік мақсатында, міндетті талаптардың бірі – қорғаныш шлемін кию.

Айта кетсек, осы велошеру «Спорттық Алматы» жобасының қолдауымен осымен алтыншы мәрте өткізіледі, жалпы осы жылы 21 велошеру жоспарланған. Бағдарлама Алматыда бұқаралық спорттың дамуына, белсенді спорттық тынығуды елге танытуға бағытталған.

Сондай-ақ

ФУТБОЛДАН АУЛА КОМАНДАЛАРЫНЫҢ КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУЛЕРІ ӨТЕДІ

Маусымның 7-8 күндері, «Спорттық Алматы» осымен жетінші рет аула командалары арасында футбол лигасын өткізбек. Екі …