Басты бет / Басқа түрлер / Баскетбол / АЛМАТЫДА БАСКЕТБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

АЛМАТЫДА БАСКЕТБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Алматыдағы спорт және туризм Академиясы мен Әл-Фараба атындағы ҚазҰУ-ның химия факультеті ннің алаңдарында жасөспірімдер арасында баскетболдан жазғы Қазақстан чемпионатының кезекті ойындары басталды

ҚазҰУ алыңына 2005-2006 жылдыры туылған алматылық командалырдың ішінде бірінші болып «Алматы-2» шықты. Олар «Барсы Атырау» баскетболшыларымен бәстесті. Атыраулық команда алғашқы онминуттықты керемет бастап, озып шықты. Ал содан соң, олар өз ұпайларын тек көбейтумен болды. Ойынның бірінші жартысында екі ұжымда жақсы өнер көрсетіп, беріліп ойнады. Бірақ, ойынның соңына қарай шаршаған алматылықтар қарсыластарына бірде-бір доп сала алмады. Ойын 21:43 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді.Екінші ойында «Алматы-1» мен «Ақтөбе облысы» командалары шықты. Алаң қожайындар кездесудің алғашқы минуттарынан Ақтөбе облысының баскетболшыларынан басым түсті. Қарсыластар алматылық баскетболшыларының қысымын көтере алмай, жеңіле бастады. Ал алаң иелері ойынды бақылап, ақтөбеліктерге жол бермеді. Қорытынды есеп 54:28.

Осы уақытта, спорт және туризм Академиясының залында 2003-2004 жылдары туылған жасөспірімдер чемпионаты өтіп жатты. Бұл алаңда «Алматы-2» мен «Қостанай облысы» ұжымдары кездесті. Қостанайлықтар алғашқы сәттен-ақ, үздік ойын үлгісін көрсетіп, жеңімпаз екендерін дәлелдеді. «Алматы-2» командасы қостанайлықтардан 39 ұпай айырмасымен жеңілді, есеп 21:60.

Сұлтан Әбі, «Алматы-2» командасының ойыншысы:

— Ойын қызықты да тартысты өтті. Біз жақсы өнер көрсеттік деп ойлаймын. Біз де шаршадық, олар да шаршап, ойыннан ләззат алдық. Жеңілгенімізге қарамастан, Қостанай облысының баскетболшыларымен кездескенімізге қуаныштымыз. Қарсыластарымыз бізден жасы үлкен, аса тәжірибиелі болғандықтан, жеңілдік деген ойдамын. Бірақ, олар бізбен тәжірибиелерімен бөлісті, біз шеберліктерімізді арттырдық. Мен Алматы құрамасында бір жылға жуық ойнаймын.Ендігі кездесулерді жеңуге тырысамыз!

Алматылық ұжымдар үшін соңғы ойын сәтті аяқталды. Олар астаналықтармен кездесті. Ойынның бірінші кезеңінде алаң иелері қарсыларстарына қарағанда үздік екенін айқын байқатты.Ойын 66:29 есебімен алматылық ұжымның пайдасына шешілді.

Еске сала кетсек, чемпионат маусымның 17-не дейін жалғасады. Толық мәліметті, сонымен қатар, ойын нәтижелері мен кездесулерді http://www.al-bclegion.kz сайтынан тамашалай аласыздар!

Сондай-ақ

РУСЛАН ҚҰРБАНОВ СЕМСЕРЛЕСУ СПОРТЫНАН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Гонконгта семсерлесу спорты бойынша Азия құрлығының чемпионаты өтуде. Ерлер арасындағы жекелей сайыста отандасымыз Рулсан Құрбанов …