Басты бет / Басқа түрлер / АЛМАТЫЛЫҚ ИПОДРОМДА АТ ЖАРЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

АЛМАТЫЛЫҚ ИПОДРОМДА АТ ЖАРЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

 Шілденің 9-ы күні  Алматылық ипподромда естен кетпес мереке өтпек. Қала тұрғындары мен қонақтарын тартысты да қызықты  ат бәйгелерінің куәгері болуға шықырамыз.

Сонымен қатар, әйгілі каскадерлер командасы Nomad Stunts, ACTION FOR RED «Красный Полумесяц Казахстана» қызметінің құрметіне орай аттардың қатысуымен шоу көрсетеді. Аталмыш  шара көрермендердің көңілдерін бейжай қалдырмас.

Айта кетер жайт , Nomad Stunts каскадерлер командасы «Неудержимые 2», «Викинг», «Дневной Дозор» сияқты фильмдерінің түсіріліміне қатысқан.

Бағдарлама бойынша түрлі қашықтықтарда 8 ат жарысы өтіп,  спорттық  шара бәйгемен аяқталады.

Әрине, 1 санаттағы Қазақстандағы ОКС және Элита жүлдесін ерекше атап өтуге болады. ОКС жүлдесі 1778 жылы Окс (Дубрава) мекенінде, лорд Дерби негізін қалаған. Бүгінгі күнге дейін 3 жасар биелер үшін маңызы зор, әйгілі жүлделердің бірі. Сондай-ақ, Элита жүлдесі – 4 жастан жоғары асыл тұқымды аттарға арналған ат жарысы. Аталмыш бәйгеге тек дербишілер мен алдыңғы жарыстардың жеңімпаздары ғана қатыса алады. Ал Анилина жүлдесі үш дүркін Еуропа жүлдесінің жеңімпазы, жүйрік сәйгүліктің құрметіне аталған.

Сонымен қатар, ат жарысының аясында бас киімдер сайысы да өтпек. Жеңімпаздарды Тамары Ламанукаева қазақстандық сәнгерінен, Studio K сұлулық салонының атынан және Зары Абу фотографтың  атынан бағалы сыйлықтар күтуде.

Онда бөлек, Алматылық ипподром қонақтарын әнші LOREN әсем ән мен жақсы көңіл-күй сыйлайтын болады.

Қолдан жасалған әшекейлер мен бұйымдар жәрмеңкесі түрлі таңдаумен қуантса, балаларға  арналған арнайы бағдарлама да ойластырылған.

Ат жарыстарының ұйымдастырушылары:  Алматы қаласы әкімдігі, «Au Nom De La Rose» гүлдер дүкені және «Рикс» компаниясы «Асем Ай» сауда маркасымен.

Өтетін  күні: 9 шілде 2017 жыл

Басталу уақыты: 11.00

Кіру:  11:00-12.00 аралығында 1000 теңге. Жиналған ақша Қазақстанның қызыл жартыайы қызметіне берілетін болады.

Мекенжайы:Омарова 10А көшесі ( Құлагер ықшам ауданы)

Қосымша ақпарат: +7(727) 3862240

 

 

Сондай-ақ

АМЕРИКА АУДАРЫСПАҚШЫЛАРЫН КӨРДІҢІЗ БЕ?

Суретте: 80 келі салмақта сынға түсетін Крид Гарник есімді атақты америкалық аударыспақшы осы.  Аударыспақтан ашық …