Басты бет / Басқа түрлер / АЛМАТЫДА 100-ШІ ВЕЛОШЕРУ ӨТТІ

АЛМАТЫДА 100-ШІ ВЕЛОШЕРУ ӨТТІ

«Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында кезекті велошеру өтті. Бұл спорттық іс-шара Алматы шаһарындағы велошерулердің 100-сі болғандықтаң қатысушылардың да саны көп болды.

«Нұрлы Тау» бизнес орталығынан басталып ҚР мемлекеттік орталық мұражайында аяқталған 12 шақырымдық қашықтықты 500-ден аса қала тұрғындарымен қонақтары бағындырды. Оладрын арасында бағалы сыйлықтар мен велосипед ойнатылатып, флешмоб ұйымдастырылды. Басты сыйлық- велосипедттің иегері болып, велошеруге алғаш рет қатысқаг Захир Муллаев атанды.

— Біз досымыз екеуіміз бүгінгі велошеруге бірінші рет қатысып отырмыз, осындай сыйлық аламын деп еш уақытта ойлаған емеспін. Өте ризамын, бұл өте керемет спорттық шара екен, барлығы жақсы өтті.Сіздерге деген алғысымыз шексіз, алдағы уақытта қатысып отыратын боламыз, — деп өз ойымен бөлісті Захир.

Айта кету керек, осы велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының қолдауымен 2017-ші жылы жоспарланған 21 велошерудін он біріншісі болып табылады.

Сондай-ақ

«ЮВЕНТУС» ОН ОЙЫНШЫМЕН «УДИНЕЗЕНІ» ОҢАЙ ЖЕҢДІ

Италия біріншілігінің 9-шы кезеңінде өткен «Удинезе» мен «Ювентус» арасындағы ойында, төреші «Ювентус» командасының шабуылшысы Марио …