«Алматы» хоккей клубының жаңа басшысы Николай Банишевский алып шаһардағы хоккейді жаңа деңгейге көтеруді қолға алып, балалар мен жасөспірімдер спортына назар аударатынына тілге тиек етті. Жақында, ақпараттық-спорттық хаб тілшісіне Николаай Иванович сұхбат беріп, легионерлерге байланысты өз ойымен бөлісті.
— Қайырлы күн, Николай Иванович! «Алматы» хоккей клубы туралы айта кетсеңіз?
Мен осы жылдың 16 желтоқсанында клубты өз қол астыма алдым. Мен Өскеменнен келдім, онда 25 жыл бойы Олимпиадалық резерв мектебінің бапкері болып жұмыс атқардым, тәжірием мол. Біріншіден, балалар мен жасөспірімдер арасында хоккейді дамыту қажет, ал содан соң, команданы ұжымын қалыптастыру керек. Бұған дейін, алдыңғы маусымда клубтың басым бөлігі ресейлік споршылардан тұрған. Меніңше, ел чемпионатында тек қазақстандықтар ойнау керек. Шілденің 3-і күні, Өскеменнен шақырылған хоккейшілер келіп, олар медициналық тексеруді өтіп, жаттығу кірісті. Қазіргі таңда, клуб құрамында 33 спортшы, оның 25-і қазақстандықтар, ал қалған 8-і ресейліктер. Оларды клуб құрамасында қалдырдық, алайда, өткен маусымда олардың саны екі есе көп болған. Клубтың басты мақсаты – Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атану, үздік үштікке кіру.
— Осы маусымды клуб жаңа бапкермен бастайын деп жатыр. Жаттықтырушыны ауыстыру жайлы ұсыныс жасаған кім?
Әрине мен. Бұған дейін, жас бапкер Александр Сирофимов болған. Ол жас, тәжірибиесі аз , сондай-ақ, ол ресейлік. Қазір клуб хоккейшілерін Игорь Дорохин мен Сергей Невструхин жаттықтырады. Қос бапкердің де ел хоккейнің дамуына қосқан үлесі зор.
— Клуб жаңа құрамамын атап өтсеңіз?
Клуб құрамасы өзгерді, алдыңғы маусымдағы спортшылардың басым бөлігі жаңа хоккейшілермен алмастырылды. Осы маусымда үздік, тәжірибиелі команда жиналды. Олар алдыңғы құрамаға қарағанда әлдеқайда мықты. Жергілікті ойыншыларға келетін болсақ, олар Данияр Каиров, Руслан Курсукбаев, Михаил Рахманов, Андрей Спиридонов, Алексей Воронцов, Михаил Шерстюков сияқты хоккейшілер алып шаһар намысын қорғайтын болады.
— Николай Иванович, жаңа маусымдағы оқу жаттығу жиындары мен жарыстар күнтізбесіне тоқсалсаңыз?
Шілденің 24-і мен тамыздың 8-і аралығында әдістемелік жарыстар өткізіледі.Онда біз үздік ойыншыларды іріктейміз. Тамыздың 9-10 күндері Алматыда астаналық «Барыс» командасымен жолдастық матчтар өткізсек, тамыздың 15-16 күндері Астанада қарымта ойындарда болады. Бұл жаңа құраманы тексеріп, сынау үшін керемет мүмкіндік деп ойлаймын. Ал тамыздың 19-27 күндері Павлодарда өтетін Қазақстан чемпионатында өнер көрсетеміз.
— Қала тұрғындары арасында осы спорт түрін қалай дамытуға болады?
Универсиада кезінде хоккейге деген қызығушылық арта түскен, плей-офф кезінде «Халық Арена» мұз аренасы жанкүйерлермен толып, билеттердің барлығы сатылған. Әрине, бұл қуантарлық жайт. Осыдан байқағанымыз, хоккейге халықтың қызығушылығы баршылық, біз осы спорт түрін бұқаралық спортқа айналдыруды жоспарлаудамыз. Сондықтан, сол қызығушылықты одан сайын арттыру үшін аянбай еңбек ететін боламыз. Жоғарыда аталып өткен жолдастық матчтар «Халық Аренада» өтетін болады.
— Легионерлер мәселесіне тоқталсақ?
Мысалы, ресейлік спортшы Қазақстан азаматы атанса, оның осында ойнауға толық құқығы бар. Бұл адамның өз қалауына байланысты. Бірақ, хоккейде мұндай жағдайлар баршылық. Онымен қоса, хоккейші команданың баға жетпес, таптырмайтын ойыншысы болса, неге қалдырмасқа деп ойлаймын.
— «Алматы» хоккей клубының осы маусымдағы мақсаттарына тоқталсаңыз?
Ең бастысы, Қазақстан Кубогында үздік үштікке кіру, жақсы ойын үлгісін көрсету. Сонымен қатар, жаңа Қазақстан хоккейінің жұлдыздарын жандыру, оларды тәрбиелеу, балалар мен жасөспірімдер арасында хоккейді дамыту.
— Қазіргі таңда, балалар мен жасөспірімдер арасында хоккейдің жағдайы қандай?
Хоккеймен айналысу арзан емес екенін түсінеміз, сондықтан, балалар үшін қолжетімді бағалармен секциялар ашпақпыз. Сонымен қатар, бұл спорттың құрал-жабдықтары да қымбат. Осыған байланысты, тәжірибиелі хоккейшілердің жастарға өздерінің формаларын беру арқылы комиссионкамен де айналыспақпыз. Яғни, басты мақсатымыз, жастар үшін хоккейді барынша қолжетімді ету. Айта кетсек, Алматыда 4 мектеп бар, онда хоккей бөлімдерінде балаларды жаттығады. Қазіргі таңда, 200-ге жуық жеткіншектерді біздің бөлімдерге жазуды жоспарлап отырмыз.
— Сұхбатыңызға рақмет!