Басты бет / Басқа түрлер / АЛМАТЫДА ГОЛЬФТАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА ЖАРЫСТАР ӨТТІ

АЛМАТЫДА ГОЛЬФТАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА ЖАРЫСТАР ӨТТІ

Алматыда, «Нұртау» гольф-клубында осы спорт түрінен 6-13 жастар аралығындағы балалар арасында ашық академия кубогының бірінші кезеңі өтті.

Жарысқа барлық жеткіншектер бақ сынасуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, арнайы бағдарлама мен тегін гольфпен шұғылданатын 80 ұл мен қыз да жарысқа қатысты. Олар 10 жасқа дейін және 10 жастан кейін болып екі топқа бөліп, жарыс жолына шықты.Балалар үйренген әдістерін іс жүзінде көрсетіп, ал кәсіпқой спортшылар шеберліктерін көрсетті. Олар шамамен 2 км қашықтықты жүріп өтті.

— Осымен төртінші жарыс жасөспірімдер арасында гольфты елге таныту мақсатында өткізілді. Алдағы уақытқа 6 шара жоспарланған, соңында Академия Кубогының жеңімпазы анықталады. Мұнда жаңа оқушылармен қатар, кәсіпқой жеткіншектер де қатыса алады. Әлбетте, олар бөлек, тәжірибиелері мен жетістіктеріне байланысты бәстеседі. Сондай-ақ, өткен жарыстардың жеңімпаздары, жалпы барлық қатысамын деушілер бақ сынаса алады, — деп атап өтті «Нұртау» гольф-клубының бапкері Санжар Уакасов.

Сонымен қатар, ол тамыздың 20-ы күні осы клубта ауқымды турнирлердің бірі – балалар арасында осы спорт түрінен Қазақстан чемпионаты «Junior Kazakhstan open» өтетінін де айта кетті. Бүгінгі қатысушылар өз нәтижелерімен қуанышты екенін де жеткізді. Олардың айтуынша, балалар әрімен қарай жаттығып, гольф ойнайтын болады.

— Турнир қызықты өтті. Біз осы спорт түрінен жарыстарға жиі қатысып тұрмаймыз, — дейді жаңа келгендер Аликен мен Ерсұлтан. 10 талпыныстан  бірнеше рет қана дәл соқтық. Екі ай бұрын өткен жарыста бақ сынасып, күміст іолжалағанмын, — деп бөлісті Дәулет Амангелді. Мен 24 сабаққа қатысып үлгердім, соның арқасында жақсы нәтижелерге қол жеткізіп жатырмын. Осы кезең мен үшін оңай берілген жоқ. Алайда, біршама қиын турнирлер әлі алда екенін түсінемін, барымды салып, аянбай еңбек етемін. Гольф – еңсеңді босататын ойын, мен бұл спорт түрінен ләззат аламын. Енді шеберлігімді арттыруға тырысамын, — деп қорытындылады ол.

Осы кезеңнің нәтижелері бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдермен марапатталды. Иманали Рамазанов 1, Джозеф Бербнер 2, Яна Лим 3 (9 шұңқыр), МансұрТұрсынов 1, Умида Асқарова 2, Санжар Мажибаев 3 (3 шұңғыр), Нұрдаулет Сардарбаев 1, Серғазы Сабыров 2, Андрей Кладов 3 (10 + тест) және Рамазан Тұрсынов 1, Анастасия Щербакова 2, Жалгас Молдабаев 3 (10 жасқа дейін) өз топтарының үздіктері екенін дәлелдеді.

Естерңізге сала кетсек, «Нұртау» гольф-клубының кәсіпқой бапкерлері 6-13 жастар аралығындағы балалар арасында тегін шеберлік сабақтарын күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін өткізеді. Әр жеткіншек өзіне ыңғайлы уақытты таңдап, аптасына екі мәрте гольфпен шұғылдануға мүмкіндіктері бар. Бірінші топтың жаттығулары таңғы 8:45-те басталса, қалған топтар кестеде көрсетілген уақыт бойынша: 10:00, 14:30, 15:45,  17:00 өтеді.

Келесі балалар арасындағы жарыстар тамыздың 10-ы күні «Жайлау» гольф-клубында өтетін болады.

Сондай-ақ

ФАБИО АРУ «ТУР ДЕ ФРАНСТЫ» БЕСІНШІ ОРЫНМЕН АЯҚТАДЫ

«Астана» командасының шабандозы Фабио Ару «Тур де Франс» қорытындысы бойынша бесінші орынға тұрақтады. Көпкүндік веложарыс …