Екінші рет «Спорттық Алматы» жобасы аясында өткізілген түнгі велошеруге 1000-ға жуық қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.
«Нұрлы Тау» бизнес орталығынан бастау алған 12 шақырымдық қашықтық Тұңғыш президенті саябағында аяқталды. Әдемі әрі велосипедтерін жарық шамдармен безендірген қатысушылар велошеруді бастамас бұрын би билеп, өздеріне әдемі көңіл күй сыйлады. Артынша, мәреге келген әуесқойлар арасында көптеген бағалы сыйлықтар ойнатылды. Ал ең басты сыйлық — — велосипедті Нона атты алматылық тұрғын жеңіп алды.
— Мен өте қуаныштымын. Түнгі велошеруге алғашқы рет қатысып, осындай бағалы сыйлық ұтып алдым. Өзімнің жолдасыма осы спортқа деген қызығушылығымды арттырғаны үшін алғыс айтамын. Сонымен қатар, ұйымдастырушыларға да рахмет айтқым келеді, себебі біз үшін арнайы жолдарды жауып, халықты салауатты өмір салтына шақыруда. Алдағы уақытта да велошерулерге міндетті түрде қатысатын боламыз, — деді Нона.
Айта кетер жайт, биыл екінші рет өткен түнгі велошеру «Спортық Алматы»бұқаралық спортты дамытуға арналған бағдарлама аясында өткізілген болатын. Алдағы уақытта, ұйымдастырушылар 8 велошеру өткіземіз деп жоспарлауда.