Басты бет / Басқа түрлер / АЛМАТЫДА ДӘСТҮРЛІ ВЕЛОШЕРУ ӨТЕДІ

АЛМАТЫДА ДӘСТҮРЛІ ВЕЛОШЕРУ ӨТЕДІ

Тамыздың 6-і күні  «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында кезекті велошеру өтеді.

 Әдеттегідей, әуесқойлар таңғы 8:30- да «Нұрлы Тау» бизнес орталығы маңында бас қосып, ұйымдастырушылардан арнайы нөмірлерді алады. Ал спорттық шара 9:00 басталады.Бұл жолы велошабандоздар Әл-Фараби даңғылымен жүріп өтіп, Тұңғыш Президент саябағында мәреге жетеді. Мәреде қатысушылардың арасында бағалы сыйлықтар мен велосипед ойнатылатын болады.

Сонымен қатар, Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы қатысушыларға арнайы бас киімсіз (шлемсіз) қатысуға тыйым салынатындығың ескертеді.

Айта кету керек, осы велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының қолдауымен 2017-ші жылы жоспарланған 21 велошерудін он төртіншісі болып саналады.

«Спорттық Алматы» бағдарламасы  алып шаһардағы  бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылуда.

 

Сондай-ақ

ГАЛБАДРАХ ОТГОНЦЭЦЭГ УНИВЕРСИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

Тайпей елінде жазғы Универсиада ойындарының бүгін бесінші күні өтуде. Жарыс жолына 48 келі салмақта дзюдошы …