Басты бет / Басқа түрлер / «СПОРТ МЕНІҢ АУЛАМДА» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЖАҢА АЛАҢ ІСКЕ ҚОЛЫЛДЫ

«СПОРТ МЕНІҢ АУЛАМДА» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЖАҢА АЛАҢ ІСКЕ ҚОЛЫЛДЫ

Алматыда, осы жылы қала әкімдігінің қолдауымен бастау алған «Спорт менің ауламда» бағдарламасы бойынша Бостандық ауданының Минусинская, 20-Б көшесінде жаңа алаң іске қосылды, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.

— Құрметті балалар мен оның ата-аналары, сондай-ақ, қонақтар, бүгін барлығымыз үшін қуанышты күн, әсіресе, жеткіншектер үшін! Енді, олардың өз аулаларында спортпен шұғылдануға керемет мүмкіндіктері бар. Кәсіпкерлер мен ПИК қызметкерлеріне осы жаңа алаңды соғып, жөнге келтіргені үшін шексіз алғысымды білдіремін. Жалпы, Алматыда 600 ойын алаңы балаларды қуантып келуде, олардың басым бөлігі басқа аудандарында орналасқан. Қазіргі таңда, балалар тәжірибиелі мамандармен спортпен шұғылданады. Жасөспірімдердің денсаулықтары мықты болсын! Жастарды спортпен шұғылдануға шақырамын, — деп атап өтті Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әбіл Дөңбаев.

«Спорт менің ауламда» бағдарламаның басты мақсаты жастар мен жасөспірімдерді салауатты өмір салтын қалыптастыруға және де спортпен айналысуға қызықтыру. Шеберлік сабақтары тегін. Кез келген 5 жастан 17 жасқа дейінгі бала Алматы қаласының бар алаңдарында жаттықтырушымен, басқа балалармен бірге спортпен шұғылданып, жақсы уақыт өткізуге мүмкіндік алады. Жаттықтырушылар белгіленген кесте бойынша дүйсенбіден басқа күндері 1,30 – 2 сағаттан шеберлік сабақтарын өткізеді. Балалардың жаттығулары шынығудан басталады. Олар барлық қатысушыларға дұрыс жаттығып, ойнауды үйретеді.

— Жасөспірімдер көбінесе футбол ойнағанды ұнатады. Қатысушылардың басым бөлігі — ұлдар. Жалпы, күніне белгілі ауданның 45-50 баласы келіп жаттығады. Олар берілген тапсырмаларды бұлжытпай орындап, ойыннан ләззат алады, — деп бөлісті бапкер Анель Наурызбаева.

Сонымен қатар, жаттықтырушының айтуынша, жазғы демалыстар мен күннің ыстығына байланысты көбісі сабақтарға келмейді, алайда, оқу жылы басталысымен олардың саны көбеетініне сенімді. Айта кетер жайт, жылдың басынан аталмыш бағдарлама бойынша 6000-нан астам бала қамтылды. Қазіргі таңда, Алматы қаласының Алмалы ауданынынан басқа барлық аудандарда, 75 алаңда жеткіншектер жаттығуларға қатысып, белсенді тынығуда.

— Біздің аулада осындай футбол алаңы барына аса қуаныштымын. Бұл менің ең сүйікті спорт түрім және біз күн сайын доп тебеміз. Аз ғана уақыттың ішінде бапкеріміздің арқасында көптеген әдістерді меңгердік. Ол барлығын түсіндіріп, дұрыс жаттығуға көмектеседі. Біз оған ризашылығымызды білдіреміз. Сондай-ақ, Алматы қаласының әкімдігіне осындай мүмкіндік жасағандары үшін алғысымызды білдіремін — деп өз әсерімен Бақыткелді Қадыров бөлісті.

Айта кетер жайт, осы бағдарлама Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен іске қосылған болатын. Жаттықтырушылар екі мезгіл, күн сайын жұмыс атқаратын болады.

Бағдарлама туралы толық ақпарат sportvodvor.kz сайтында.

Сондай-ақ

БАРЛЫҚ ӨҢІРГЕ ЖАҢА БОЗКІЛЕМДЕР СЫЙҒА БЕРІЛМЕК

ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы елімізде күрес түрлерін дамыту жолында соңғы жылдары көптеген …