Басты бет / Басқа түрлер / КОНСТАНТИН ЛИФАНОВ: БІЗ ГОЛЬФ ОЙНАУДЫ 600 БАЛАҒА ТЕГІН ҮЙРЕТЕМІЗ

КОНСТАНТИН ЛИФАНОВ: БІЗ ГОЛЬФ ОЙНАУДЫ 600 БАЛАҒА ТЕГІН ҮЙРЕТЕМІЗ

Қазақстан гольф Федерациясының бас хатшысы Константин Лифанов ақпараттық және спорттық ХАБ тілшісіне берген сұхбатында осы жылы «Нұртау» гольф-клубында жаңа бағдарламаның іске қосылғанын сөз етті. 

— Константин Викторович! Сәуір  айынан  бастап «Нұртау» академиясында гольфтан балаларға арналған тегін сабақтар басталды. Осы туралы айтып кетсеңіз?

— Біз бұл жобаны жоспарлауды бастағанымызға біраз болып қалды, бірақ оны біздің де, қала әкімдігінің де іске асыруға мүмкіндіктері болмаған. Енді, бізге қала әкімдігі қолдау көрсетіп жатыр. Мүмкін, қазіргі таңда, Қазақстанда гольфты дамытудың уақыты келген шығар. Сонымен қатар, келешекте еліміздің жоғарғы дәрежедегі гольфшыларындамыту үшін бастапқыдан жақсы фундамент кұру қажет. Кейіннен оларға да еліктейтін ұрпақ жалғасатын болады. Бағдарлама жүйесі қиын емес. Біз бұқаралықты арттыру керекпіз, жастар мен жасөспірімдер арасында гольфты насихаттау үшін мектептерден бастау қажет. Орташа білім беретін мектептердің оқушылары білім алумен қатар, тегін спорттық үйірмелерге қатысуға мүмкіндері бар, солардың қатарына гольфты қосамыз. Бала кезімде аптасына екі рет жеңіл атлетикаға, күреске, гольфқа және де басқа үйірмелерге қатысатынбыз. Барлығы біз үшін тегін болатын. Міне, осындай жүйені біз әкімдікпен бірлесіп, 7 жастан 14 жасқа дейінгі орташа білім беретін мектеп оқушыларына арналған бағдарламаны іске қосуды шештік. Өз кезегінде, әкімдік бала саны бойынша өз шарттарын қойды. Біз бұл тапсырманы орындаймыз, ал әкімдік барлық шығындарымызды өтейтін болады, яғни толықтай қаржыландырады.

«Нұртау» гольф-клубы мен балалар академиясы ашық тендер ұтып алып, осы гольф-клуб базасында бағдарламаны іске асыру туралы шешім қабылдады. Алматы қаласы әкімдігі мен  «Нұртау» гольф-клубының қолдауымен бағдарлама бастау алып, бапкерлер аянбай еңбек етуде. 2017 жылы 600 балаға гольф ойнауды үйретуге сөз бердік, жоспарымызды іске асырамыз деген ойдамыз. Қазіргі таңда, осы жоба аясында 300 бала қамтылып үлгерді. Сәуір айынан жеткіншектер аптасына 2-3 рет тегін гольфпен шұғылданады. Тамыз айының соңында, оқу жылы басталысымен, балалар демалыстан оралған соң, біз тек Наурызбай ауданын ғана емес, басқа да аудандардың жасөспірімдерін қызықтыратын боламыз. Осылайша, жылдың соңында біз 600-ден астам балаларды гольф ойнауды толықтай үйретеміз. Аянбай еңбек етіп, көп жаттыққан қатысушылар уақыт келе жақсы нәтиже көрсетеді. Келесі жылы біз олардың жемісін көретін боламыз. 2-3апта сайын тестілеу өткізіледі, осылайша, біз қатысушылардың деңгейін анықтаймыз.

-Мектептерде бұл жобаны қалай жүзеге асырасыздар?

— Орташа білім беретінмектептерде гольфқа арналған алаңды құруға керекті жабдықтар бар, ал балалар бағдарламасы бізге әр мектепті бір клюшка жиынтығы мен  500 доппен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Олар қыста жаттығып, жазғы маусымға дайындалады. Гольф-клубтар қарашаның ортасынан наурызға дейін жабық болғандықтан, босаған бапкерлер мектеп оқушыларын гольф ойнауды үйрете алады. Мен бұл бағдарлама жүйесінен хабарым бар. 1997 және 1998 жылдары Мәскеу әкімдігінен осындай қаржыландыру алып, бір қыстың ішінде 35 мектепті осы спорт түріне керекті жабдықтармен қамтамасыз еткенбіз. Біз Қазақстанда да солай жасаймыз. Жаттықтырушыларға мектеп саны мен жұмыс атқарған сағатына байланысты жалақы төленеді. Белгілі бір мектепте аптасына 2-3 рет, ал сабақтан тыс уақытта, залдар бос кезінде 2-3 сағаттан оқушылардың тәжірибиелі бапкерлермен жаттығатын мүмкіндіктері бар. Әрине, қаланың, халықтың қолдауымен 5-7 жылдан соң Қазақстан өз толыққанды базасымен қатысушылар санын бақылап, жүйелі түрде бұқаралықты арттыратын болады. Қазіргідей 2 адамнан 4-ке емес, болашақта,4 000-нан 8 000-ға дейін өседі.

— Мектептерде орнатылған құрылғыларға тоқтала кетсеңіз? Қазіргі таңда, қай мектептер гольфқа арналған алаңдармен жабдықталған?Оқу жылының басталуына аз ғана уақыт қалды ғой.

— Әзірге, жоқ. Бірақ құрылып жатыр. Биыл  қала әкімдігі бұл бағдарламаны тестілеутүрінде іске қостық. Келесі қадамға өту үшін біз өз міндеттерімізді орындау керекпіз. Бөлінген қаражат мемлекеттік болғандықтан, белгілі бір мақсатқа жету үшін жұмсалуы қажет. Біз алдымен атқарылған ісіміз үшін есеп беріп, содан соң, келесі қадам туралы шешім қабылдайтын боламыз. Біз көптеген мәселелерді білім министрлігімен мақұлдау керекпіз, мектептерде қосымша спорт түрін қосу, керекті жабдықтар орнату оңай емес. Менің ойымша, қыс айларына таман жасап үлгереміз, бірақ, жұмыс жүргізілуде, нәтижесі де өзін күттіре қоймас.

Қазір, біздің басты мақсатымыз 600 балаға гольф ойнауды үйрету. Яғни, клюшканы қолда ұстау, допты дәл нысанаға түсіру, гольфтың негізгі әдістерімен таныстыру. Одан кейін , балалар мен олардың ата-аналары қандай шешім қабалдайтынын ешкім білмейді. Олар баламның күн астында жүргенін қаламаймын, бізге ұнамайды, немесе керісінше, ұнайды деуі мүмкін. Бәрі де мүмкін. Сондықтан нәтижелерді күтеміз. Айта кететінім, маусымның соңында біз жасөспірімдер арасында жарыс өткіземіз. Олардың басым бөлігі гольф әдістерін меңгеріп үлгерді. Әрине, балалар академиясы бұл бағдарламаға дейін де жұмыс істеп келді, алайда, ақылы. 14-18 жастар аралығындағы спортшылар, жастарына қарамастан халықаралық бәсекелерде бақтарын сынауда, оған дәлел, Дәулет Түлеубаев, Альбина Ағаева, Жантай және де басқалары. Олар  2020 жылы Токио елінде өтетін жазғы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғайтын болады. Олардың арқасында Олимпиадалық лицензияны аламыз деген ойдамыз. Келесі ойындарға қатысу үшін кем дегенде2 лицензиямыз болу керек. Қазір, осы 5-6 спортшының шеберліктерін арттырсақ, гольф ойнаушылардың санын1000-ға жеткізуге міндеттіміз. Осылайша, болашақта ел чемпионаттары мен Олимпиадаға қатысушылар саны да артады.

— Сіз атап өткен спортшылар осы спорт түрімен ақылы шұғылдануды өздері таңдады ма? Өйткені ата-аналардың көбісі гольф ойнауды тіпті білмейді, олардың қызығушылығын байқадыңыз ба, әлде жазғы демалыстағы хоббиі ме?

—   Қалай болса да, жетістіктерге жету үшін әлем чемпионаттары мен Олимпидаға қатысуды арман ететін кәсіпқой спортшылардан бөлек, бұқаралық спортты да ұмытпауымыз жөн. Гольф – бұқаралық спорт түрлерінің бірі. Гольф-клубтың өркендеп, дамуын қала тұрғындарынсыз елестету мүмкін емес, мәселен, «уикенд гольферлер» олар демалыс күндері керемет алаңы, рестораны бар, қала сыртында орналасқан клубтарға шығып демалады. Мұнда гольф сүйер қауым отбасымен, достарымен немесе жалғыз өзі тынығуына барлық жағдай жасалған. Осының арқасында адамдардың басым бөлігі мәдениетті және спорттық түрде уақыттарын өткізеді. Сондықтан, оны балаға жастан үйрету керек, 18 жасқа дейін баланы спортқа қызықтырмаса, 20 жастан кейін тіпті қиын болады. Мемлекет пен әлеумет осы мәселені жастайынан қолға алуы қажет. Біз бағдарлама осы жылы гольф сабақтарына қатысқан балаларға келесі жылы басқа жабдықтар, бапкерлер керек болады, әрине, онда да бағдарлама әкімдік қолауын қажет етеді. Егер біз Альбина, Жантай, Даулет, Айбек туралы айтатын болсақ, оларға  2020 жылы өтетін Олимпиада ойындарына дайындалуына бөлек қаржыландыру бөлінеді. Яғни, оларды жаттығу орындарымен, жабдықтармен, жоғарғы деңгейдегі бапкерлермен, сонымен қатар, халықаралық турнирлерге қатысуды қамтамасыз ету керек. Шетелге шығу, ондағы турнирлерге тіркелу, базаны жалға алу көлемді қаржыландыруды қажет етеді. Сондай-ақ, рейтингтік ұпайлар жинап, Олимпиададағы қарсыластарыңмен тең болу- өте қиын. Мұны қазір қолға алмасақ, ертең кеш болады. Айта кетер жайт, сапалы турнирлер спортшылар тәжірибиелерін, шеберліктерін екі есе арттырады.

Константин Викторович! Бапкерлер мәселеніне тоқталсақ?

— Әрине, мен «Нұртауға»14 жыл бұрын  келдім, және сол кезде жаттықтырушылардың аздығына, дәлірек айтқанда, олардың жетіспеушілігіне таң қалғанмын. Менімен бірге үш-ақ адам бүкіл Қазақстанға және 30 жұмыскер гольф ойнауды үйреткен. Соңғы 10 жыл ішінде біз  бапкерлер негізін құрдық. Менің өз шәкірттерім Александр Вангай, Санжар, олар осы спорт түрін меңгеріп, бүгінгі таңда  олар гольфтен бапккер болып қызмет атқарадыОлар 10 жыл бойы гольф ойнауды үйреніп, тәжірибиелі маман, жаттықтыру атану үшін аянбай еңбек етті. Қазір, балаларды жаттықтырады. Тағы 10 жылдан кейін 1000 қатысушының кәсіби мамандарға айналып, өз тәжірибиелерімен, білімімен келесі ұрпақпен бөлісетініне сенімдімін. Сонда ғана әр жастық санаттың жеке бапкерлері болады.

— Яғни, іске қосылған бағдарлама болашақ кадрлар туралы мәселені қарастырады ма?

— Иә, әрине. Қазір, ауқымды жұмысты атқарып жатырмыз, алайда бұл алғашқы қадам ғана, бәрі әлі алда. Осыған қарамастан, жеткен жетістіктеріміз де баршылық, бұл бағдарламаның іске қосылуын ұзақ күткенбіз. Оған қоса, 10 жаттықтырушымыз бар. Бастамасы жаман емес. Біз 10 жылда 10 бапкерді өсірдік, басқа гольф-клубтармен салыстырғанда бізде барлығы қарқынды дамуда. Ал уақыт келе, ондықтан жүз, ал жүзден мың маман шығатын болады. Мұның барлығы оңай көрінгенімен, негізі 25 жылдық еңбек пен дамудың жемісі. Қазақстанда гольф негізгі спорт түрлерінің қатарында бола қоймас, дегенмен, еліміздің бұқаралық спорт түрлерінің біріне айналса да жаман емес. Ол мәдениет, білім және әлеумет, ел деңгейінің өскенін білдіреді. Мен атап өткендей, гольфпен қызығатын адамдар осы салаларда хабары бар, білікті кісілер.

— Сіз Дәулет Түлеубаев туралы атап өттіңіз, ол жақында АҚШ-та ел намысын жоғарғы деңгейде қорғады, ол туралы біраз әңгімелеп берсеңіз?

— Біз барлығымыз Тайгер Вудстай болғымыз келеді. Бірақ Тайгер Вудс милионнның емес, миллиардтың ішінде бірегей болып туылған. Мемлекеттің, спортшы мен ата-ананың қалауы,барлығы сәйкес келу керек. Бала гольф ойнауды екі жасында бастап, бес жасында өзін жеңімпаз сезініп, өмір бойы осы сезімді сақтап қалуға мүмкіндігі болу керек. Достарын, отбасын, ата-анасын ұмытып, тек алға ұмтылу оның міндеті. Сонда ғана керемет нәтиже шығады, миллиардтың ішінен бірегейі ғана осындай белестерді бағындыра алады. Дәулеттің бағы жанып, барлығы сәтті келе жатыр. Оның ата-анасы өз баласын барлығымен қамтамасыз ете алады, мүмкіндіктері бар. Олар оған сапалы білім беріп, ол  гольфпен тек үздік бапкерлермен жаттығады. Әрине, мұндай жағдайда адамның сана сезімінде тек чемпиондық қасиеттер қалыптасады. Осылайша, сен үздіктің үздігі атана аласың. Міне біз онжылдық еңбектің жемісін бақылаудамыз. Біз Дәулетпен жаттығуды 7 жастан бастағанбыз. Ол жақында  кәмелет жасқа толды. Бірнеше жыл бойы АҚШ-та тұрып, жаттығады. Тек сонда ол білікті бапкерлерден сапалы білім ала алады. АҚШ-та жаттығу үшін ақша ғана емес, спортшы дарынды, еңбекқор болу керек. Дәулет өз білімділігі, талпынысы мен зор ынтасының арқасында сонда колледж бен университетке түсті. Ол жақында ауқымды турнирлердің біріне жолдама ұтып алды, жақсы нәтижелерге үміттенеміз.

Сондай-ақ

АЛМАТЫДА ХОККЕЙДЕН ЖОЛДАСТЫҚ МАТЧТАР ӨТЕДІ

Тамыздың 9-ы күні сағат 17:00-де және 10-ы күні сағат 14:00-де, «Халық Аренада» мұз сарайында «Алматы» …