12-23 мамыр аралығынада Тайланд елінің Бангкок қаласында спорттық гимнастикадан жастар арасындағы Азия чемпионаты өтуде, — деп хабарлайды dodasport.kz сайты.
Биылғы құрлық додасына Қазақстан құрамасы толық құраммен қатысуда. Әзірге құрама қоржынынжа 2 күміс және 1 қола медаль бар.
Ат жаттығуы бойынша Диас Тойшыбек пен қолды тіреп секіру жаттығуы бойынша Есинская Дарья күміс жүлдегер атанды. Ересектер арасындағы әлем кубогы кезеңінде жүлдегер атанған Милад Карими болса бөденедегі жаттығуда қола жүлдегер атанды.